ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

УТИЛЬАЛЫМ 50 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТІЛЕДІ

20:38, 23 ақпан 2022

Қоғамда қызу тартыс тудырған утиль алым көлемі 50 пайызға төмендетілмек. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлім етті. Бірақ, мөлшерлеме алдағы уақытта бұдан да кемуі немесе тіпті көбеюі мүмкін екенін де жасырмады. Сонымен утиль алым көліктің барлық түріне және ауыл шаруашылығы техникасына қатысты өзгеріп отыр. Талқыға сан тарап қатысып, шығарылған қорытынды осы дейді. Сондай-ақ Роман Скляр елде автоөндіріс жоқ деген әңгімені негізсіз санайтынын айтты. 

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Авто өнеркәсіпті ынталандыру деңгейі бізге көліктің барлық түріне және ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымын 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Енді осы утильалым жекенің қолына кетеді деп қорқудың қажеті жоқ. Индустрия және экология министрлігі ақшаның нақты бағытта жұмсалуын қадағалап отырады. Қазір депозитте 200 млрд тг жатыр. Қаражат «Жасыл даму» ұйымы басшысының ескеруінсіз және сала ведомстволарының қол қоюынсыз ешқайда кетпейді. 

Утильалымның мөлшерін бекіту – отандық көлік өндірісін қолдауға тікелей әсер етеді. Осы ретте Қазақстанның еуразиялық экономикалық одақ мүшесі екенін де ескеру керек,-дейді сарапшы.  

ДАРХАН АЙДАУЛОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОБИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ДИРЕКТОРЫ:

- Егер олардың деңгейінен төмен болса олардың өнеркәсібінде бәсекелестігі жоғарылау болады. Екіншіден ол нарықтардағы автомобильдер Қазақстанға кедергісіз кіре алады. Яғни, біз бірыңғай экономикалық аймақта ескі автомобильдердің нарығына айналамыз. Сондықтан біз ішкі нарықтағы кедендік баж және басқа салықтардың жоқтығынан тек қана утиль алымның мөлшерлемесі ескі көліктерді келуге кедергі болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар