ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

17:17, 30 қараша 2021

 

Аққайың ауданының Трудовое ауылында жаңа әкімшілік ғимарат қолданысқа берілді. Енді дәрігерлер, әкімдік және пошта қызметкерлері елді мекен тұрғындарына бір ғимаратта қызмет көрсетеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына оарй ашылған нысанды жөндеуге 96 миллион теңге бөлінді.  

 Бұрын бұл ғимарат жергілікті ЖШС-не тиесілі болды. Кейін қаңырап бос тұрған нысанды кәсіпкер өтеусіз негізде әкімдікке берген. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шатыры қайта қалпына келтіріліп, терезе мен едені ауыстырылды. Енді бұл жерде фельдшерлік-акушерлік пункт, қазпошта бөлімшесі, ауылдық округтің әкімдігі, учаскелік инспектор және ветеринарлық дәрігердің кабинеті орналасқан.

ПАВЕЛ ЛЕОНОВ, "САНТА-МАРИЯ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің ұсынысымызды қолдап, қосымша қаржы бөлген облыс әкіміне көп рахмет. Бұл ғимаратты біз халыққа сапалы қызмет көрсету үшін әкімдікке тапсырдық. Жөндеу жұмыстарына ауыл тұрғындары да жұмыла көмектескен еді.

Фельдшерлік-акушерлік пунктте еңбектенетін мамандар тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін қолайлы жағдай жасалған дейді.

ПОЛИНА ПОДКОМОРНАЯ, ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТТІҢ МЕЙІРБИКЕСІ:

 - Трудовое менің туған ауылым. Осы жақта туып, өстім. Сол себепті қаладағы оқуымды тәмамдаған соң бірден осы жаққа қайта оралдым. Қолданысқа берген ғимарат жылы әрі кең. Жұмыс істеуге өте қолайлы.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылған жаңа ғимаратқа әсіресе ауыл тұрғындары қуанышты. Себебі, енді олар барлық қызмет түрлерін бір жерден ала алады. 

- Халықтың барлығы қуанышты. Мынандай жаңадан администратвиный здание. Бәрі бір жерде. Көп рахмет. Обылс әкіміне аудан әкіміне.

- Әсіресе зейнеткерлер үшін өте ыңғайлы. Барлық мамандар бір ғимаратта отырады. Ешқайда жүгірудің қажеті жоқ.

Ал, бір бөлме күндізгі стационарға бөлінді. Ол 6 жатын орынға шақталған. Жалпы, биыл ауданда бірқатар жоспар іске асырылды. Ауыл ішілік жолдар жөнделіп, білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

  •  Биыл аудан бойынша көптеген жұмыс атқардық. Бұл ғимараттан бөлек басқа елді мекендерде спорт, мәдениет, білім беру нысандары қайта қалпына келтіріліп, халық игілігіне тапсырылды.  

 Жалпы, ғимаратты қайта қалпына келтіру үшін 96 миллион теңге жұмсалды. Аудан әкімдігі келер жылға да бірқатар жоспарды бекітіп қойған. Енді оларды іске асыру міндеті тұр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...