ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ЖАҢА СПОРТТЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНЫЛУҒА БЕРІЛДІ

19:06, 16 желтоқсан 2021

СЕРГЕЙ ОКУНЕВ,

 

«ГЕРМЕС АГРО» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

- «Бұл спорт кешеннің іске қосылуы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өте жақсы жаңалық. Біз ауылда дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік беретін кешенді көптен күттік. Балаларымыздың спорттағы жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Жастарға осындай жағдай жасалып жатқандығы қуантады.» 

Мерген ауылында жаңа спорт кешенін салуға жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымының басшысы көмектесті. Ғимарат құрылысына кәсіпкер 50 млн теңге қаржы бөлген. Спортшыларға баскетбол, футбол, волейбол доптары, теннис үстелі және үнемделген қаржыға балалар үшін жаңа спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектеп директорының айтуынша бұған дейін балалар кішкентай бөлмеде денешықтырумен айналысып келді. Жаңа кешенде спорт секциялары ашылды.

ВАЛЕНТИНА ЛОПУХ, МЕРГЕН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бізде негізінен шаңғы спорты мен жеңіл атлетика жақсы дамыған, енді міне балалар волейбол, баскетбол, кикбокспен айналысуға мүмкіндік алды. Бокс секциясы ашылды. Өздеріңіз көріп отырғандай спорт залының ашылғанына балалар қуанышты. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, өз қызметкерлеріне де қолайлы жағдай жасап отыр. Осы жылдың басынан Үкімет өз қызметкерлеріне үй салған кәсіпкерлердің 50 пайыз шығынын қайтарып келеді. 

«Бізде ауылда бар жағдай жасалған. Жайлы өмір сүріп жатырмыз. Су, ұзақ жанатын пеш, жылу, жарық бәрі бар. Барине рахмет»

Сергей Окунев өз қызметкерлеріне 2017 жылдан үй салып келеді. Биыл 9 үйді пайдаланылуға бермек.

СЕРГЕЙ ОКУНЕВ, «ГЕРМЕС АГРО» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

- «Бұл үйлер сапалы салынған. Үйде ыстық, суық су, кәріз жүйесі, ыдыс жуғыш, кір жуғыш машина бар. Ұзақ жанатын қазандықтар орнатылды. Онда бір салынған отын бір аптаға жетеді. Бәрі де алдын ала қарастырылған

ЖАҢА ЖЫЛҒА,  ЖАҢА ПӘТЕР:

Бүгін Сергеевка қаласының тұрғындары үшін мереке. Күрделі жөндеуден кейін Малдыбаев көшесіндегі екі қабатты ғимаратта 9 жаңа пәтер пайдаланылуға берілді. Бұл үйлер халықтың осал топтарына арналған.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Көптен күткен пәтер кілтін Әсемгүл Сағындықова да алды. Ол 3 баланың анасы. Қыздарының үлкені 13 , ал кішісі 7 жаста. Кенжесі биыл бірінші сыныпқа барған.

ӘСЕМГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА , СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Барлығы жақсы. Үйге кіре бергенде бірден жақсы әсер аласың. Жалпы маған өте ұнайды. Көп  рахмет. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын. Ең бастысы қазір менің балаларымынң жеке бөлмесі бар. Бұл өте үлкен қуаныш.»

Шал ақын ауданында  жыл сайын 50 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...