ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЖАС МАМАНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

13:01, 19 тамыз 2021

Жылда Петропавлдың оқу орындарын мыңнан астам түлек бітіреді. Жас мамандардың оқу орнын тәмамдағаннан кейінгі  мәселесі - жұмысқа орналасу. Қаладағы кәсіпорындар жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге дайын. Қазірдің өзінде Петропавл электр-техникалық зауытында 19 жас маман өз жұмыс тәжірибесін бастап кетті.

Бұл - Петропавл электр-техникалық зауыты. Ірі кәсіпорын жақында іске қосылады. Жылына зауыт 13 мың дана электр техникалық өнім шығарып, жасалған заттың 98 пайызын ТМД елдеріне экспортқа жөнелтпекші.

ӨМІРЖАН ДЖУСИЕВ, ПЭТЗ САТУ БӨЛІМІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Петропавл электротехникалық зауыты Қызылжар арнайы экономикалық аймақта орналасқан.Бұл заманауи өндіріс шығаратын некеме 2020 жылы мамыр айында басталған болатын. Қазіргі уақытты бір айдан соң зауыт жұмысқа қосылуға дайын.

ИНДИРА АХАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Петропавл электр-техникалық зауытының құрылысы қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Жоспар бойынша кәсіпорын 300 адамды жұмыспен қамтиды. Бүгінгі күні, мұнда «Cерпін-2050» бағдарламасының 19 қатысушысы жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 150 мың теңге.

Бегалы Рахымбаев – Жамбыл облысы, Бәйтерек ауылының тумасы. 2016 жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне «Радиоэлетртехникасы» мамандығына оқуға түскен. Қазір жас маман ПЭТЗ-да жұмыс істейді .

БЕГАЛЫ РАХЫМБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТР-ТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Қалай оқу бітті осында жұмысмқа, осы зауытқа келіп, сөйлестік.Интернеттен зауыт туралы, тарихын біліп, қарадық. Негізі құрылысынан бастадық жұмысты, кейін біздің жоғары білім туралы дипломымыз бар екенін біліп, лауазымымызды көтерді. Қазіргі таңда сатып алу бөлімінің бөлім басшысымын. Жұмысымыз барлығы жақсы. Айлығы жақсы, барлығы қанағаттандырады.

Осылайша «Alageum Electric» компаниясы облысқа 12 млрд теңгеден аса инвестиция әкелді. Жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, өңірлік бюджет кірістерін ұлғайта отырып, аумақтың экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетін дамытуда үлесі зор. Бұл жоба Қазақстан нарығындағы импорттық тауар үлесін азайтып қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек.

Индира Ахатқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
17:15, 8 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...