ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

13:01, 20 қаңтар 2022

Облыстық әкімдікте өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құрылыс, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармаларының алқа отырысы өтті. Жиынға жергілікті атқарушы орган өкілдері, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармаларының басшылары, құрылыс компанияларының директорлары және аудан әкімдері онлайн қатысты. Басқарма басшылары өз баяндамаларында 2021 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2022 жылға жоспарларымен бөлісті.

2021 жылы өңірде 346 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілді. Бірқатар әлеуметтік нысан бой көтерді. Атап айтқанда олар - мектеп, дене шынықтыру сауықтыру кешендері, хоккей корттары, мәдениет орындары. Биыл да ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Білім ордалары, мәдени нысандар, жатақханалар,  бюджеттік және коммерциялық көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілмек. Петропавлда және облыс орталығының екі ауданында 377 пәтерлі 5 жалға берілетін үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ 13 көпқабатты тұрғын үй құрылысы да басталады. Оның ішінде 9-і Капай да тұрғызылады. Бюджеттік құрылыстан бөлек 1732 пәтерлі  көпқабатты 24 коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша  бұл үйлердің 12-нің құрылысы биыл аяқталады.

ҚАЙРОЛЛА ҒАЛЕЕВ, ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  «Түрік компаниясы облыс орталығының Чкалов, Уалиханов көшелерінде 10 18 қабатты тұрғын үй құрылысын бастауға дайын. Қазіргі таңда Анкарада жоба әзірленуде. Заманауи тұрғын үй кешенінде 420 автокөлікке арналған жерасты тұрағы мен бірінші қабатында бизнес объектілері болады. Сонымен қатар Набережный шағын ауданында  9 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарын «Базис А» компаниясы атқармақ. Компанияға жер учаскелері берілді. «Леонтьев» фирмасы  Жамбыл, Парковая көшелерінде 155 пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын бастап кетті. Мұнда сауда орталықтары, жер асты тұрағы болады.»

"Зерттеу СК» ЖШС  құрылыс нарығына 2015 жылы келді. 300-ден астам адамды жұмыспен қамтыған.  Компания өңірімізде бюджет қаражаты есебінен бірқатар тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізіп келеді. Биыл серіктестік «Береке» шағын ауданында 100 пәтерлік және  «Жас өркен» шағын ауданында 250 пәтерлік тұрғын үй құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар құрылыс компаниясы  өз қаражаты есебінен  Қизатов көшесінде 420 пәтерлік тұрғын үй кешенін және Жас Өркенде 30 және 35 қабатты заманауи  құрылыс кешенін бастағалы отыр. Кәсіпорын биыл басқа да ірі жобаларды қолға алмақ.

ЕВГЕНИЙ МАХИНИЯ, «ЗЕРТТЕУ СК» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ  :

- «2022 жылдың ақпан айында біздің компания өз қаражаты есебінен  темірбетон бұйымдарын өндіру зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда зауыт еден плиталарын, және тағы да басқа өнімдерді шығарады. Өзімізде жергілікті құрылыс материалдарын жасау арқылы біз нарыққа  тәуелсіз боламыз».

Алқа отырысында сонымен қатар «Отбасы Банкі» АҚ облыстық филиалы есебі де тыңдалды. 2021 жылы өңірімізде банктің 1698 салымшысы баспаналы болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында солтүстікқазақстандықтарға жылдық 5 пайыздық жеңілдікпен 285 несие берілді. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша көп балалы, толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 47 отбасы несие алды. «Әскери баспана» бағдарламасы аясында да бірқатар әскерилер несие алу мүмкіндігіне ие болды . Сондай-ақ өткен жылы 4945 солтүстікқазақстандық зейнетақы төлемдерін пайдаланды.

 АЛМАС ЖАПАБАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚО ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫ:

-  «2022 жылы «Отбасы Банкі» АҚ тұрғын үйді есепке алуды, орналастыруды және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін әкімдіктерден қолданыстағы кезек жүйесін «Отбасы банкі» АҚ-на көшіріп, баспанаға мұқтаж барлық азаматтар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Тұрғын үй орталығын» құру жоспарланған. Бұл жағдайда азаматтардың баспанаға мұқтаж екендігін растау, кезекке тұру, содан кейін несие алу үшін Банкке жүгіну бойынша бірнеше инстанциядан өтудің қажеті болмайды.»

2021 жылы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инвестициялардың жалпы көлемі 22,5 млрд.теңгені құрады. 2022 жылға 25,4 млрд.теңге сомасында инвестиция тарту көзделген. Өткен  жылдың қорытындысы бойынша энергетикалық кешенді дамытуға 6,3 млрд.теңге бағытталды. Ал сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға 10,3 млрд.теңге жұмсалды. Нәтижесінде 174 шақырым желі қалпына келтіріліп, 49 елді мекенде су берілді және сумен жабдықтау жақсарды, шамамен 3 мың үй суға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ 26 ауылда  топтық су құбырларын қайта құру жұмыстары жүргізілді. биыл «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында  бизнес субъектілерін  сумен, электр желілерімен жабдықтау, жалпы айтқанда  инфрақұрылымды дамыту бойыша да жұмыстары жүзеге асырылмақ

БАҚЫТ ІЛИЯСОВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «2022 жылы сумен жабдықтауға және су бұруға 12,3 млрд.теңге көзделген. Жобаларды іске асыру барысында 135 шақырым желі жаңғыртылады. 23 елді мекенде 2 мың үйді сумен жабдықтауға қосу мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, топтық су құбырларын қайта құру жұмыстары да 32 ауылда жалғасады. Жалпы, 2022 жылдың соңына қарай ауыл халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 84% - ды құрайды. Алайда, халықты сумен қамтамасыз етудің ең төменгі көрсеткіштері Тайынша, Шал ақын және Айыртау аудандарында қалып отыр. Сумен жабдықтау нысандарын салуға және ржаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.»

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :

- «Суға қосылғысы келетін адамдар аз шығынға ұшырауы үшін құдықтардың ара қашықтығын жақынырақ жасау керек еді. Сонда құбыр өткізудің  қосымша метрі азайып, құны тұрғындардың қалтасын қақпайды. Осы орайда қандай жұмыстар атқарылды?

- «Қазір барлық жобалар жасалынып жатыр. Бекіту үшін Энергетика басқармасына ұсынылды. Біз оның барлығын талдап, тексеретін боламыз.»  

Петропавлдағы  2-ЖЭО-де жыл сайын жылу мен электр энергиясын беру кезінде шығындарды азайту мақсатнды  негізгі және қосалқы жабдықты жаңғырту және жаңарту есебінен инвестициялық бағдарлама орындалады.. Сонымен қатар өткен жылы кәсіпорында №2 станацияның қазандық агрегатын ауыстыру бойынша  ірі жобалар қолға алынған. Жоба құны 9 млрд теңгені құрайды.

ЕРЖАН ҚОҢЫРБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ 2-ЖЭО ДИРЕКТОРЫ:

- «Инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорындар 2022 жылы №1,2 және 3 станциялардың түтін мұржаларында қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің құрылғыларын монтаждау, №2 күл үйіндісінің №3 секциясының қоршау бөгеттерін көтеру, Отын беруді, тиегіш кранын жаңарту жұмыстарын жоспарлап отыр. 2022 жылы күрделі жөндеуді ескере отырып, Негізгі жабдықты қайта құру мен жаңғыртуға барлығы 10 млрд теңге бағытталады.»

Алқа отырысы соңында өңір жетекшісі қаламыздың келбетін айтарлықтай өзгертуіміз керек деді. Сондай-ақ жобалау компанияларына жобалаудағы тәсілдерді қайта қарастыру керектігіне де тоқталды. Бұл салаға жас шығармашыл адамдарды тарту керектігін айтты.Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлердің 1-2 қабаттарында кеңселер мен дүкендерден бөлек демалыс орындары болу керектігін де қадап айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  « Жобалау ұйымдарының жеткіліксіз екендігін тағы айтқым келеді. Облыста 3-4 негізгі жобалау ұйымы бар. Неліктен бұл нарық дамымай жатыр? Қаржы көп бөлінеді, сәйкесінше жобалау үйымдары да артуы керек қой. Жобалар ұзақ әзірленеді.Осылайша уақыт босқа кетеді. Содан соң бір типті жобалар әзірленеді. Бұлай болмауы керек. Сонымен қатар коммерциялық тұрғын үй құрылысын қолға алғандарға  айтарым жобалар кешіктіріліп жатыр. Жер алынды, келісілді, бастадыңыздар енді құрылыс тоқтап тұр. Қолға алған соң аяғына дейін жеткізу керек.»

Сонымен қатар Құмар Іргебайұлы биыл  ауылдарда жылу және сумен қамту жұмыстары жалғасатындығын, қалада ескі тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзып,  халықты жайлы тұрғын үйлермен  қамтамасыз ету керектігін де айтты. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...