Табиғатқа деген көзқарасты өзгерту арқылы қазіргі экологиялық мәселелерді шешуге болады. Энергияны үнемдейтін жылу жүйесін сататын жергілікті компания директоры Андрей Гирицанның сөзінше қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдану арқылы адамдар қаражаттарын үнемдей алады.
Ғимаратты жылытудың мұндай әдісі бізге көрші Ресей мемлекетінен келген. Оның көмегімен сіз ешбір жылу көзіне қосылмай бөлмеде +22-24 градусты сақтап тұра аласыз. Жаңа технология 10 жыл қатарынан еш қиындықсыз жұмыс істейді. Тұрғындар ішінде жаңа әдіске сенімсіздік білдіретіндер көп.
АНДРЕЙ ГИРИЦАН, КӘСІПКЕР:
- Біздің жобамыз энергия үнемдейтін электр жүйесі болып табылады. Арнайы қабықша төбеге орнатылып, жел және күннің көзінің арқасында бөлмедегі қабырғалар мен еденді жылытады. Бұл жүйе автоматтандырылған, ауаны құрғатпайды және адам денсаулығына кері әсер етпейді. Бұны нарыққа шығармас бұрын өз кеңсемізде қолданып, тексеріп көрдік.
Өңірде 167 нысан жаңартылатын энергия көзіне қосылған. Биотынмен жағылатын 118 қазандық жұмыс істейді. Жалпы, соңғы 4 жылда 113 мың тонна табиғи отын үнемделген.