ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР

20:38, 9 қыркүйек 2021

Облыстық әкімдікте  өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өңір активінің жиналысы өтті.  Президент Жолдауын облыста жүзеге асыру барысын талқылауға  арналған бас қосуға маслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері  қатысты. 

Биылғы жолдау «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбымен жарияланды. Маңызды құжатта еліміздегі әлеуметтік-экономикалық  салалар бойынша нақты міндеттер  айқындалды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ең бастысы бұл жолдауда Қазақстанның болашақта даму жолының бағыты көрсетілді. Мемлекет басшысының жолдауы пандемия мен әлемдік экономикалық  қиындықтарға жауап  болды. 

Президент азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оның бөліп-таратудың тиімсіз жүргізіліп жатқанын айтты. Осы орайда көтерме-тарату орталықтарының желісін құру маңызды. 

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Президент шағын ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді көтерме-тарату орталықтарының желісіне тартуды тапсырды.  Біздің облыста бұл жұмыс жүргізіліп келеді. Өткен жылдың аяғында  «Радуга» серіктестігінің негізінде алғашқы көтерме-тарату орталығы ашылды. Қазір компания тауарды өндірушіден делдалдарсыз  сатып алып жүр.  Оған қоса, бағаларды тұрақтандыру үшін  тұрақтандыру қорына 1,1 млрд теңге бөлінген. 

Өзге өңірлермен салыстырғанда Солтүстік Қазақстанның диқандары ауылшаруашылық техника паркін жаңартуға бәрінен көп қаражат жұмсайды.  Жыл басынан 44 млрд теңгеге 1700 техника сатып алынды.  Мемлекет басшысы аграрлы секторға  елді азық-түлікпен қамтуды тапсырды. Қазірдің өзінде  43 аталымнан тұратын азық-түлік себетіне кіретін тауардың 33 түрі біздің өңірде шығарылады.  Мемлекет басшысы тауарөндірушілерге экпорттық тауар көлемін 1,5 есеге,  өнімділікті 30 процентке арттыруды тапсырды.  Жуырда Петропавлда ашылған  электртехникалық зауыт жылына 13 мың трансформатор жасап,   оның 98 пайызын ТМД елдеріне экспортқа жөнелтпек.

САЙДОЛЛА ҚОЖАБАЕВ, «ALAGEUM» ХОЛДИНГТІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

 Жолдауда сапалы білім беру мәселесіне де назар аударылды. Биылғы жылдан бастап педагогтардың еңбекақысы 25 пайызға көтерілді. Енді бюджет саласындағы өзге де мамандардың еңбекақысы 20 процентке артып отырады.  2025 жылға дейін елімізде 800 мектеп салынады.  Білім ордалары өңірімізде де бой көтереді. Соңғы 3 жылда облыста білім беру мекемелерінің  63 проценті жөнделді, 4 жаңа мектеп салынды. 

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Коронавирус соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласын сынаққа алғандай.  Инфекция жұқтырғандардың саны азаяр емес. Бұл дертпен күресудің әзірге жалғыз амалы вакцинация. Қазір елімізде жаппай екпе салу жүріп  жатыр. Алайда әлемді жаулаған дертпен күресу жолында коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек – деді Президент.

МАҚСАТ ҚҰДРАТОЛЛАЕВ, СҚО КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ КАРДИОЛОГИЯ БЛОГЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біздің кардиорталықтың мамандары жыл сайын ашық жүректе 200 ота, 1900 коронарография,  800 стенттеу,  тағы 200-ге жуық  ота жүрек соғуының ритімі бұзылған жағдайда жасайды.  Жүрек ақаулары бар науқастарға үнемі қымбат дәрілер қажет.  Мемлекет басшысының фармакологиялық саланың дамуына көп көңіл бөлгені қуантады.  Енді дәрі-дәрмектің қолжетімділігі артады деп сенеміз.

Жолауда көрсетілген тапсырмаларды іске асырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға «нұротандықтар», жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер бірлесе жұмыс істеуі тиіс.

Әсел ОРАЗБАЕВА 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...