ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖҰМСАҚ КОНТЕЙНЕРЛЕР ӨНДІРІСІ АШЫЛДЫ

17:15, 23 желтоқсан 2020

Облыста жұмсақ контейнерлер өндірісі толық қуатында іске қосылды. Биг-бэг деп аталатын үлкен қаптарды көптеген салада қолдануға болады. Петропавлдық кәсіпорын жоспар бойынша жылына 1,5 млн жұмсақ контейнер шығармақ. Оның жұмысымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты. Сюжетке назар аударайық.

Жұмсақ контейнерлер өндірісі мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды. Биг-бекке дәнді дақылдарды, құрылыс материалдарымен кенді сақтауға болады. Өндіріс толық циклді. Мұнда үлкен қаптарға қажет материал тоқитын жіпке дейін шығарылады.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Біз бүгін жұмсақ контейнер өндірісін ашып отырмыз. 180 адам жұмысқа тартылды. 1,5 миллиард теңге инвестиция құйылды. Бұл жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылып жатқандығын айту керекпіз. »

Бір жыл бұрын бұл ғимарат бос болатын. Ал қазіргі таңда тоқу станоктарында сұранысқа ие тауарлар шығарылып жатыр. Мұнда жылына 1,5 миллион жұмсақ контейнер шығару жоспарланған.

ВЛАДИСЛАВ ПУСТОВАЛОВ, АҒА МАШИНИСТ:

- Біз полипропилен, кальций карбонаты бор қоспаларын қолданамыз, олар жіптерге ақ түс береді. Сондай-ақ,жарықтан қорғайды. Бұл қондырғыда біз контейнер үшін жіп шығарамыз.

Облыста аумақтарды қалпына келтіру жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Осыған дейін олардың жалпы ауданы 300 мың шаршы метрді құрапты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл- жақсы жобалалардың бірі деп ойлаймын. Жалпы біз көптеген қаңырап бос тұрған ғимараттарды қайта іске қосып жатырмыз. 2017 жылы  олардың жалпы аумағы 300 мың шаршы метрді құраса, ал қазір 109 мың шаршы метр жерде жаңа өндіріс орындары орналасқан. Тағы 92 мың шаршы метрде жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қалған 100 мың шаршы метрде жұмыс жалғасады.

Жұмсақ контейнерлер сусымалы материалдарды тасымалдауға арналған. Негізінен тапсырыстар ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, жол және химия зауыттарынан түспек. Бүгін ол бойынша келісім де бар екен. Айта кетейік, жақында фанера фабрикасы ашылмақ. Сонымен бірге «СLASS» неміс концерні мен трансформаторлар шығаратын электр зауыты үшін ғимараттар қайта қалпына келтіріліп жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
20:36, 26 сәуір 2022
ОБЛЫСҚА ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН 2 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
13:34, 2 наурыз 2022
«ЗИКСТО» МЫҢНАН АСТАМ ТЕМІРЖОЛ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар