ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 3,5 МЫҢ ПӘТЕР ТАПСЫРЫЛАДЫ

13:01, 3 қараша 2021

Өңірде соңғы 5 жылда құрылыс саласында оң динамиканы байқауға болады. Егер 2017 жылы 164 мың шаршы метр пайдалануға берілсе, 2021 жылдың соңында бұл көрсеткіш 340 мыңға жетуі тиіс. Облыс әкімдігінде өткен жиында «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды. Қанша солтүстікқазақстандық баспанаға ие болады, биыл қанша үй тапсырылмақ және аудандарда тұрғын үй құрылысы қалай жүріп жатыр? Келесі бейнематериалға назар аударайық.

Жыл соңына дейін 340 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Құрылыс басқармасының басшысы Қайролла Ғалеевтың айтуынша, 10,5 мыңнан астам адам өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарта алады. Жыл сайын тұрғын үй құрылысына қомақты қаражат бөлініп келеді. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін  27 млрд теңге бөлінді, бұл Ұлттық қордың жартысынан көбі. Қаражатқа жалға берілетін және коммуналдық тұрғын үй салынып жатыр. Қазір 8 үйдің, яғни 680 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тек 4 үйді тапсыру жоспарланған.

 ҚАЙРОЛЛА ҒАЛЕЕВ, ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына 13,2 млрд теңге жұмсалған. 15 үйді пайдалануға береміз. Пәтерлерді «Нұрлы жер», «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» кредиттік бағдарламалары аясында «Отбасы банкі» арқылы тапсыруды жоспарлап отырмыз. Барлық тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органның кезегінде тұрғандарға берілмек.

«Нұрлы жер» бағдарламасының шартына сәйкес құрылыс жұмыстарының санын арттыру мақсатында бірнеше жеңілдік қарастырылған. Мәселен,  жер учаскесін ақысыз негізде бөлу және барлық қажетті инфрақұрылымды тартып беру. Бірақ құрылыс компаниясы баспананы өз қаражатына салуы тиіс. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Президенттің тапсырмасы бойынша қазір қосымша жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Мәселен,  бұл кезекте тұрғандар үшін жеке тұрғын үй қорындағы жалдап тұру ақысын субсидиялау және ауылда үйлер салу үшін. Яғни, елді мекенде жұмыс беруші өз жұмысшылары үшін үй салып берген  жағдайда, мемлекет баспана құнының 50 пайызын өтейді. Алайда баспананың құны 5 млн-нан аспауы тиіс.  

Су мен жылу жаңа салынып жатқан үйлердегі ең басты мәселе. Биыл сумен қамтамасыз ету үшін  11,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 5,5 млрд теңге берілді. 2021 жылы бағдарлама бойынша 46 шақырым құбыр қалпына келтірілді.

БАҚЫТ ІЛИЯСОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Биыл жыл соңына дейін орталықтандырылған су жүйесіне 3,5 мың адам тұратын 10 ауыл қосылады. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 6 ауылға су берілмек. Осылайша, халықтың сапалы ауыз суға қолжетімділігі 83% - ға жетеді. 2022 жылы сумен жабдықтау бойынша 5,6 млрд теңгеге 16 жоба іске асырылмақ. 

Соңғы 5 жылда 200 ауыл 19,5 млрд теңгеге сумен жабдықталды. Бұл дегеніміз 160 мыңнан аса солтүстікқазақстандық таза, сапалы ауыз суды пайдаланып келеді. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Преснов топтық су құбыры іске қосылғалы  Жамбыл, Есіл және Мамлют аудандарының 18 ауылы сумен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту бойынша бекітілген кешенді жоспар аясында жұмыстар жалғасады. Осылайша, 2026 жылға дейін 65 мың тұрғыны бар 139 ауылда жөндеу жұмыстары жүгізіледі.

Қорыта келе, облыс әкімінің айтуынша, 2026 жылға дейін орталықтандырылған су жүйесіне қосылу көрсеткіші 100% - ға дейін жетпек.

 Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
17:15, 27 қаңтар 2022
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОСПА ЖЕМ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:39, 28 желтоқсан 2021
ҚОСПА ЖЕМ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...