ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

1-5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА ОҚИДЫ

20:42, 1 наурыз 2021

Мектептер БІРТІНДЕП қалыпты режимге ауысып жатыр.2 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушылары дәстүрлі форматта білім алуға кіріседі. Яғни, кезекші сыныптар толық құраммен оқиды. Әрине, барлық санитарлық нормалар сақталады.

Өңірде коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақтанды, облыс "жасыл аймақта". Осыған байланысты мектептер біртіндеп әдеттегі оқу режиміне оралып жатыр.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- « 2 наурыздан бастап контингенді 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқу жалғастырылады.Егер де бір сыныпта 15 баладан артық болса, ол жағдайда балалар екі топқа бөлініп 15 баладан оқиды.»

Айта  кетейін, 9-11-сыныптардың түлектерінің оқу режимі өзгеріссіз қалады. Яғни, пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтан оқытылады. Сыныптағы адамдардың саны 15-тен аспайды. 6, 7, 8, 10-сыныптар қашықтан оқуды жалғастырады. Ал, толық сыныптарда тек мамандандырылған мектептердің оқушыларына ғана оқуға рұқсат етіледі.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «1 сыныптан 5-ші сыныптарға оқытуды байланысты өзгерістер енгізіліп жатыр. Ертеңнен бастап, 2021 жылдың 2 наурыздың 2-нен 1 мен 5-ші сынып аралығындағы оқыту аралас форматта ұйымдастырылады. Бұл кезекші сыныптардың оқушылары мектепке толық сыныптармен оқитын болады.»

Бүгін барлық мектептерде дайындық жұмыстары жүргізілді, оқыту режимі туралы барлық ақпарат мұғалімдерге жеткізілді. Сонымен қатар, өзгерістер туралы ата-аналар мен оқушылар хабарландырылды.

Индира АХАТҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
17:17, 1 сәуір 2021
СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...