ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

5 ЖЫЛ ІШІНДЕ ОБЛЫСТА 15 МЕКТЕП САЛЫНБАҚ

20:44, 27 тамыз 2021

Биыл мектеп табалдырығын облыс бойынша 8 мың 53 бала алғаш рет аттайды. Оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» кітаптары табыс етіледі. Бүгінгі күні өңірде 472 білім ордасы бар. Оның 413-і елді-мекендерде орналасқан. Жалпы, алдағы 5 жылда Солтүстік Қазақстанда 15 мектеп салынады деп жоспарланған. Осы және өзге де ақпарат педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесінде айтылды.

Жаңа оқу жылында 472 мектепте 75 мың 316 оқушы білім алады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 мыңға артық. 97 білім ордасы өздерінде  Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін енгізді. Мұнымен қоса, былтыр Қызылжар ауданы Петерфельд ауылында «Ауыл мектебі» жобасы іске қосылды. Инвестиция көлемі 300 млн теңгені құрады. Ал, Уәлиханов көшесіндегі 900 орынға шақталған нысан қыркүйектің 1-і оқушыларға өз есігін айқара ашпақ. Сондай-ақ 2022 жылы Тайынша ауданында 2 мектептің құрылысы басталмақ.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында  облыс орталығында 1200 орынға шақталған заманауи мектеп салу жоспарланған. Инвесторлармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы 5 жылдың ішінде облыста 15 білім беру нысаны бой көтереді. Соның 9-ы модульді. Сондай-ақ соңғы 2 жылдың ішінде 249 биыл тағы 52 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл өте жақсы көрсеткіш.

2021-2022 оқу жылы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталады. Сабақтың ұзақтығы - 45 минут болады. Бірінші сынып оқушыларына Білім күні «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары салтанатты түрде тапсырылады. 2-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өткізіледі. Сонымен қатар, биылдан бастап 5-11 сынып оқушылары үшін «Парасаттылық», «Экология», «Сыни ойлау және эмоциялық интеллект», «Медиасауаттылық»; «Зайырлылық және дінтану негіздері»; «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқушылардың таңдауы  бойынша жаңа курстар енгізіледі.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Оқушыларды тасмалдауға биыл  18 автокөлік сатып алынады деп жоспарланған. Егер оқушы немесе мұғалім  ауыру жұқтырса, сынып қашықтан оқыту форматына көшеді. Мұндай оқушыларға компьютер беріледі. Бірінші кезекте компьютерлер табыс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға үлестіріледі. Бүгінгі таңда облыстың білім мекемелерінде 25 мыңнан астам компьютер бар. 

Тамыз кеңесінде салаға елеулі үлес қосқандар марапатталды. «Білім саласының үздігі», «Ыбырай Алтынсарин» және «Мағжан Жұмабаев» атындағы төс белгілер табысталды. Сондай-ақ, жылдың «Үздік білім беру ұйымы» байқауының қорытындысы жарияланды. Раиса Кәрімжанова Уәлиханов ауданы, Бидайық ауылында орналасқан орта мектеп директоры. 32 жыл бойы ауыл балақайларын білім нәрімен сусындатып келе жатқан орыс тілі пәнінің мұғалімі бүгін «Мағжан Жұмабаев» төс белгісімен тақты.

РАИСА КӘРІМЖАНОВА, БИДАЙЫҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, ОРЫС ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Мұғалім болу өте үклен жауапкершілікті талап етеді. Алдымыздағы ұрпақтарға, оқушыларымызға білім беруге әрбір мұғалім тырысады. Сол себепті мен мұғалім болғасын адам өте жауапты болу керек. Сонда ғана нәтиже болады.

Бұдан бөлек жақын уақытта өңірде Назарбаев университетінің оқыту жүйесінің үлгісі бойынша жоғары оқу орны ашылады деп жоспарланған.

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
20:48, 27 қазан 2021
«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Толығырақ...
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
13:07, 25 қазан 2021
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...