ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

600 СТУДЕНТ ЖАТАҚХАНАДАҒЫ БӨЛМЕГЕ МҰҚТАЖ

13:12, 1 қыркүйек 2021

1 қыркүйекте жоғары білім аламын деп алыстан асығып жеткен студенттердің аптығы су сепкендей басылды. Себебі 600 жасқа жатақханадан орын жетпей, далада қалды. Шамасы жеткендер жалдамалалы пәтер жағалап жүр,кейбірі ағайын -туысты пана қылған. Ал біразы болса, тәулікке берілетін пәтерлерді алуға мәжбүр. СҚУ-де биыл бакалавриатта 1300 студент білім алмақ. Соның 897-сі тегін, 91-і Серпін бағдарламасымен оқиды. Студенттердің тең жартысы жатақханадағы бөлмеде тұруға өтініш берген. Алайда, барлығына орын жетпей жатыр. Оған не себеп? Арна тілшілері әзірлеген бейнематериалға зер салайық.

Биболсын Шаймардан Монғолиядан келген. Бойжеткен Манаш Қозыбаев СҚУ-де Серпін бағдарламасымен білім алады. Бұған дейін 2 жыл қатарынан жатақханада тұрып келген 3-ші курс студентіне биыл бөлме жетпей қалған. Қыздың сөзінше егер жақын уақытта мәселе өз шешімін таппаса онлайн форматта оқуға өтініш жазып, үйіне қайтуға мәжбүр болады.

БИБОЛСЫН ШАЙМАРДАН, СТУДЕНТ:

27-нен қабылдайды деген студенттерді  осы 1-ші курстарды. Қалған 2-ден 5-ке дейін қабылдамаймыз деген. Оларды 31-нен бастап қабылдаймыз деген. Енді 31-нен бәріміз келіп тұрмыз, соңын өзінде қабылдамай далаға қоя беріп жатыр бізді. Орын шектеулі деп. Қазіргі карантин жағдайында бір бөлмеге 4 адамнан жатқызса да болар еді ғой. 2 адамнан сиыстырып жатыр.

Қазіргі таңда оқу орнының 1500 орынға шақталған 3 жатақханасында небәрі 700 студент орналастырылған. Яғни бір бөлмеде тек 2 білім алушы тұра алады. Бас санитар дәрігредің қаулысында осылай делінген. Бір сөзбен айтқанда жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және карантин талаптарын бұзбау мақсатында жоғары оқу орны осындай шешім тапқан.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтыр университет ректоры әкімшілікке барып осы мәселені көтерген еді. Бүгін жақсы жаңалық естіп отырмыз. Тағы 300 орындық бөлме табылып отыр. Қажет болған студенттер орналастырылады бүгін. 3,05 Бір бөлмеге 3 адамнан орналастыру болып отыр. Бұған дейін екі адамнан болса енді 3 адамнан.  

Жатақханадағы орындар бірінші кезекте көпбалалы отбасылардан шыққан және мүгедек, кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге берілген. Университет басшылығы осы айдың аяғына дейін қосымша орын тауып, барлық студенттерді жатақхамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...