ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

17:17, 5 тамыз 2021

Биыл облыс оратылығында 8 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 129,5 млн теңге қаражат бөлінген. Петропавлдағы С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда мектептің түгелдей дерлік электр жүйесі ауыстырылса,  №5 орта мектепте жылу жүйесі толық жаңартылған. Әріптесім тарқатады.

С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия  1996 жылы қолданысқа берілді. Биыл мектептің ашылғанына 25 жыл. Алдағы оқу жылында 489 оқушы  мектеп табалдырығын аттайды. 2017 жылы  мектептің төбесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, шатыры ауыстырылған. Ал 2019 жылы мектептің терезелері жаңа пластик терезелерге ауыстырылды. Биыл оқу ордасының түгелдей дерлік электр жүйесі жаңартылып жатыр. Жөндеу жұмыстарына 48 млн астам теңге бөлінген.

КҮЛТАЙ МҰҚАНОВА, С.ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:

- «Биыл 2021 жылы электр желісін күрделі жөндеуден өткізіп жатырмыз. Міне аяқталуға жақын. Жөндеу жұмыстарын Қызылорда қаласының «Гемаксис» мердігер компаниясы жүргізуде. Олардың мерзімі 14 тамызда аяқталуы тиіс. 2-3 күнде жарық беріледі бізге. 1 июннен басталды екі жарым айға созылу керек болатын еді жоспар бойынша. Сол мерзімде аяқтап жатыр.»

Ал №5 орта мектепте соңғы екі жылда 3 рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы мектептің терезелері түгел пласстик терезелерге ауыстырылды. 50 жылдан астам тарихы бар оқу орнының биыл жылу жүйесі жаңартылып, іргетасы қапталды. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын 700-ден астам оқушы аттамақ.

ИРИНА ЕЛЬЦОВА, №5 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ»:

- Биыл мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйелері ауыстырылды. Бұл мақсатқа  24 млн 250  мың теңге қаржы жұмсалды. Және де ғимараттың іргетасының сырты қапталды.  Бұған 7 млн 50 мың теңге бөлінді. Мердігер компания 15 тамызда жұмысты толықтай аяқтайды.»

Петропавлда 37 мектеп бар. Оның 8-і биыл күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 129,5 млн теңге қаржы бөлінген.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...