ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

13:01, 14 мамыр 2021

Уәлиханов көшесіндегі 900 орынға шақталған мектептің құрылысы 2019-ші жылдың қазан айында басталды. Білім беру нысанын салу үшін 170-ке жуық білікті маман еңбектенді. Қазіргі таңда мұнда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құны 1 млрд 680 млн теңгені құрайды.

900 орынға шақталған білім беру мекемесі күзге дейін тапсырылады деп күтілуде. Яғни қыркүйекте мұнда алғашқы қоңырау соғылады. Мамандардың сөзінше ең ауыр жұмыс артта қалды. Қазіргі кезде тек ішкі және сыртқы әрлеу жүргізілуде. Қабырғалар мен мектептің қасбеті түрлі-түске боялып, асханада жөндеу жұмыстары сонымен қатар электржелілері тартылуда. Құрылысшылар нысан 98 пайызға дайын дейді.

МҰРАТ ХАРСИЕВ, «ҚҰРЫЛЫС СТРОЙ СК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі кезде мұнда 40-қа жуық маман еңбектеніп жатыр. Олардың барлығы да әрлеу жұмыстарымен айналысады. Мұнымен қоса мектептің маңы абаттандырылмақ. Яғни стадион салынып, шағын архитектуралық нысандар орнатылады. Асфальт төселіп, жарықтандырумен қамтамасыз етеміз. Яғни қыркүйектің 1-і балақайлар келіп, жаңа оқу жылына кірісе алады.

Эвалдас Галинскас әрлеу жұмыстарын жүргізетін мамандардың бірі. Оның бригадасында 12 адам еңбектенеді. Қазір олар сылау жұмыстарын аяқтауда.

ЭВАЛДАС ГАЛИНСКАС, ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ШЕБЕРІ:

- 4 адам мектептің қасбетін ретке келтіріп жатса, қалған 8-і ішін әрлеуде. Жұмыс ауыр емес. Соған қарамастан мамандар жетіспейді. Әсіресе сырлы таспен жұмыс істейтін, саңылауларды тығындайтын білікті мамандар аз.Тек біздің нысанда емес өзге құрылыс алаңдарында да жеткіліксіз. Жалақымызды уақытылы аламыз. Кей-кездері 500 мың теңге аламыз.

3 қабатты мектеп бірнеше блоктан тұрады. Ішінде оқушылар мен ұстаздарға ыңғайлы болу үшін жедел саты орнатылған. Білім беру мекемесінде Мағжан Жұмабаев атындағы лицейдің  оқушылары оқитын болады. Сондықтан мектепке лицей мәртебесі берілмек

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
20:43, 9 маусым 2021
СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...