ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

АБАЙ ЖӘНЕ МАҒЖАН ОҚУЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

20:40, 16 мамыр 2022

Петропавлда «Абай және Мағжан оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Жалпы білім беретін  мектептердің 5 пен 11 сынып аралығындағы оқушылары 11 номинация бойынша бақтарын сынады. Сондай-ақ «Бала жылы» Мемлекеттік жобасын қолдау аясында облыста алғаш рет бастауыш яғни 3-ші, 4-ші сынып оқушылары үшін Абай Құнанбайұлының «Абай жаққан бір сәуле сөнбесін» атты өлеңдер мен қара сөздерді жатқа оқу байқауы ұйымдастырылды.

Абай және Мағжан оқуларына қатысуды ниет еткен жастардың қатары жыл сайын артып келеді дейді ұйымдастырушылар. Мәселен, биыл көркем сөз оқу байқауына 150 оқушы келген. Олар Абайдың қара сөздерін жатқа айту, Абай мен Мағжанның өлеңдерін оқып, әндерін орындау және ғылыми жоба қорғау сынды 11 аталым бойынша өзара мықтыны анықтады.

АЛМАГҮЛ ОСПАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Бұл байқау ұлыларымыздың қалдырған мұрасын насихаттау, балаларға ұлтжандылықты тәрбиелеу деген сияқты. Жалпы, қазақ әдебиетімен кеңірек таныстыру, қызығушылықтарын ояту сияқты мақсаттарды көздейді. Абай ұлы ақынымыз, Мағжан да ұлы ақын.Оның үстіне жерлесіміз.Олардың шығармаларымен танысу арқылы, кеңірек біледі. Алған білімдерін кеңейтеді.

Есіл ауданы Тауағаш орта мектебінің 8-ші сынып оқушысы Аружан Ерсайын һәкім Абайдың 107 өлеңін жатқа біледі. Аружанның Ұлы Абайдың шығармашылығына деген қызығушылығы 5-ші сыныпта оқып жүргенінде оянған. Содан бері, түрлі байқауларға қатысып, БІЛІМІН сынап келеді. 

АРУЖАН ЕРСАЙЫН, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Маған Абайдың танымал өлеңдері «Өлең сөздің патшасы», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері қатты ұнайды. Себебі онда балаларға үлгі-өнеге береді және адамдарды өзіне баурап алып, қызықтырады. Мысалы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде өсек, өтірік, мақтаншақ деп айтады ғой сондай бізге болмасын бізге ақылды,инабатты ибалы болсын деп үлкен ақыл-өнеге береді.

  Байқау жеңімпаздары диплом және сертификаттармен марапатталды.  1-ші орын алған оқушылар маусым айында өтетін Республикалық байқауға қатысады.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:36, 24 маусым 2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТ...
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20:39, 23 маусым 2022
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
20:38, 16 маусым 2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...