ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ

13:01, 19 қазан 2020

Биыл Айыртау ауданындағы 4 білім ордасы күрделі жөндеуден өтті Қайта қалпына келтіру жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған. Ол үшін  республикалық бюджеттен 404 млн теңгеден астам қаражат бөлініпті.

Бұл - Айыртау орта мектебі. Оның негізі 1983 жылы қаланған. Соңғы рет білім ордасы 2010 жылы күрделі жөнделген екен. Биыл мектепті қайта қалпына келтіру жұмыстарына  «Оңтүстік құрылыс» ЖШС  жауапты болған. Білім мекемесінің шатыры, есік терезерлері толғымен жаңартылып,  қабырғалары да тегістелді. Күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 63 млн теңге қаражат бөлініпті.  

НАТАЛЬЯ КОРНИЛОВА, АЙЫРТАУ ОМ ДИРЕКТОРЫ:

- Мектебімізде 82 оқушы білім алады. Санитарлық талаптарға сай штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. Балалар екі ауысымда оқиды. Шағын орталығымызда бар. Биыл мектебімізге жақсы жөндеу жасап берді.Барлық терезелерді пластикалыққа ауыстырды.

Биыл жаңа кейіпке енген мектептердің бірі Лобаново ОМ. Білім ордасында 196 бала оқиды. Аталмыш мектептің жөндеу жұмыстарын «Комплект Азия сервис» ЖШС   жүргізген. Бұл білім ошағының да ескі  есік-терезелері жаңартылып, қабырғалары  ерекше түрлі-түсті етіп сырланды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 69 млн астам теңге жұмсалыпты.  

ДАНА ОРЫНБАЕВА, ЛОБАНОВ ОМ ДИРЕКТОРЫ:

- Барлық санитарлық талаптар сақталған. Бүгінгі күні оқушыларымыз штаттық режимде оқытылып жатырмыз. Ремонт жақсы істелді деп ойлаймыз. 146 терезе  ,96 есік қойылды. Шағын орталығымыз, мектепке дейінгі даярлық тобы екі тілді қазақ және орыс тілінді білім беріледі.

Имантау орта мектебіне де күрделі жөндеу жасалған. Білім ордасының қасбеті мен шатыры, есік-терезелері ауыстырылды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына «Багжал» ЖШС жауапты болыпты. Және аталмыш серіктестік демеушілік көмек ретінде мектептің 1ші қабаты мен жертөлесінде жөндеп берген. Айта кетейік, Айыртау ауданында жалпы 46 мектеп бар. Қазіргі уақытта оның 43і штатты, ал қалған 3 білім ордасы қашықтан оқып жатыр.

ЕЛЕНА НЕДОРОСТКОВА, АЙЫРТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мектептердегі жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталды. Барлығы да сапалы атқарылды. Тиісті мониторингтік топ тексеріп, қабылдап алды. Барлығы да заманауи талаптарға сай жасалған. Жалпы биыл Айыртау ауданында 4 білім ордасына күрделі, 1 мектепке ағымдық жөндеу жұмыстары істелді.

Барлық  күрделі жөндеу  жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. Ол үшін  республикалық бюджеттен 404млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ -  ҚАШЫҚТАН ОҚУ
20:40, 20 қараша 2020
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ - ҚАШЫҚТАН ОҚУ
Толығырақ...
№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК
20:46, 16 қараша 2020
№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...