ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

«АЛТЫН БЕЛГІГЕ» БИЫЛ 140 ТҮЛЕК ҮМІТКЕР

20:36, 17 мамыр 2022

 Өңірлік коммуникациялар орталығының алаңында білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібеков  аяқталғалы жатқан 2021-2022 оқу жылдың қорытындысын шығарып, ерекшелігі туралы айтып берді. Осы жылы 3387 оқушы 11-ші сыныпты тәмамдайды. Олардың арасында 140-ы «Алтын белгіге» үміткер. Және де биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда үздік аттестатқа үміткерлердің қатары көбейген.

Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 74 мың 277 оқушы білім алуда.  Соның 6214-і 9-шы сыныпты және 3387-і 11 сыныпты тәмамдамақ. Олардың арасында 140 ұл-қыз «Алтын белгіге» үміткер болса, 203 білім алушы кілең беске оқып үздік аттестат алмақ. Сондай-ақ, түлектер мен 9 сынып оқушыларынан басқа сыныптар  келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі. Мәселен, 9-шы сынып оқушылары 4 емтихан тапсырса, мектеп бітірушілер 16-шы мамыр мен 5-ші шілде аралығында өтетін ҰБТ-ді тапсырады.

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Сондай-ақ түлектер 4 емтиханның орнына биыл 5 емтихан тапсырады. «Алтын белгіге» үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанынан құрылған комиссия тексереді. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі жаңа нұсқауға сәйкес емтихан аяқталғаннан кейін 15 минут ішінде «Алтын белгіге» үміткердің жазбаша жұмыстары сканерден өткізіліп, білім басқармасына электронды түрде жіберіледі. Ал қанағаттанарлықсыз баға алған түлектер үшін мектептер айқындайтын мерзімдерде қайта қорытынды аттестаттау өткізіледі.

Балалардың  қашықтан оқуы білім сапасына кері әсер етті.  Бұл олықылықтарды жазғы уақытта түзету көзделген. Ол үшін жазғы мектептер жұмыс істейді. Сабақтар 26-шы мамырдан 17-ші маусымға дейін негізгі пәндер бойынша ұйымдастырылады. Басты міндет - оқушыларды қиын тақырыптарды меңгеруге көмектесу.

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жазғы мектептегі сабақтардың форматы әдеттегі сабақтардан өзгеше болады: оқушылар үшін олардың қажеттіліктерін ескере отырып, икемді кесте жасалады. Бағалау және үй тапсырмасы болмайды.Сабақтар әртүрлі қызықты нысандарда ұйымдастырылады: экскурсиялар, ойындар түрінде өтеді. Мұғалімдердің демалыс ұзақтығында өзгерістер болмайды. Бұрынғыдай 56 күн демалады.

Сондай-ақ биыл «Соңғы қоңырау» мерекесі дәстүрлі форматта өтпек. Оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдар қатыса алады. Бұдан бөлек жаз мезгілінде 1 мен 10 сынып оқушыларының 93 пайызын сауықтыру демалысымен қамтамасыз ету жоспарланған.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:36, 24 маусым 2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТ...
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20:39, 23 маусым 2022
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
20:38, 16 маусым 2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...