ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

17:22, 11 маусым 2021

 

Петропавлда ашық аспан астында оқу залы ашылды. Оны ұйымдастырған Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы. Балалар әдебиеті, баланы дамытуға арналған үстел ойындары және басқа да оқырмандарға арналған газет журналдар оқу  залында ұсынылған.

Облыстық кітапхананың жанында құрылған жазғы оқу залы 1-ші маусымнан бері жұмыс істейді. Бүгінде  мұнда келуші оқырмандар таза ауада отырып кітап немесе қалаған әдебиетті оқи алады .

ЕЛЕНА СКАКУНОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

  • Біз мұндай іс шараны жыл сайын өткізіп тұрамыз. Біздің әдебиетімізді қаланың барлық тұрғындары оқи алады. Балалар үшін үстел ойындары бар. 2021 жыл балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жарияланғандықтан, біз де осы жылы бұл шараны ұматпағанды жөн деп санадық. Сонымен қатар, біздің жазғы оқу залында балаларды қызықтыртын, олардың ойын дамытатын викториналарды да ұйымдастырып жүрміз.

Мирас Ибраев жазғы демалысын өзіне тиімді етіп өткізіп жатқан бүлдіршіндердің бірі. Жазғы оқу заллында ол кітап қана оқып қоймай, достарымен бірге түрлі ойындарп ойнайды.

МИРАС ИБРАЕВ, ОҚУШЫ:

  •  Мен бұл оқу залына екінші рет келіп отырмын. Бізге мұнда мұғаліміміз қызықты деректер жайында оқиды.  Өзіміз де кішкентай кітаптарды оқуға тырысамыз. Жаңадан үйреніп жатырмыз. Бірақ, маған көбірек ойын ойнаған ұнайды. Бұл кітапханада ойындар көп.

Мұнда оқырмандар үшін қажетті қызықты кітаптар мен газет-журналдар молынан. Жазғы оқу залы аптаның сейсенбі-жексенбі күндері жұмыс істейді. Ашық аспан астындағы оқу залы қыркүйек айына дейін өз оқырмандарын қарсы алуға дайын.

Индира Ахатқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
20:43, 9 маусым 2021
СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...