ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

17:20, 12 шілде 2021

Биыл күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің басым бөлігі ауылды жерлерде орналасқан.  Айталық Қызылжар ауданының Большая малышка мектебінің білім ошағына биыл бюджеттен  130 млн теңге бөлінді. Жаңа оқу жылында балалар жаңарған мектептеріне оралады.

Большая малышка елдімекеніндегі мына мектеп 1975 жылы тұрғызылып, бүгінгі күнге дейін бір-ақ рет күрделі жөндеуден өткен.  2013 жылы білім ошағын қалпына келтіру үшін 13 млн теңге бөлінсе осы жолы 10 есе көп қаражат жұмсалмақ. Жұмыс аумағы да 10 есе артты.

НАТАЛЬЯ МАШКИНА, БОЛЬШАЯ МАЛЫШКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жоба бойынша мектептің шатыры жаңартылады.  Жылыту жүйесі мен жарықтандыру  ауыстырылып жатыр. 2013 жылы  көше жаққа шығатын терезелер пластикке ауыстырылса, енді қалған терезелер де жаңартылады.  Бұл жөндеуді ұжымымыз, балалар мен олардың ата-аналары көптен күтті. 

Көптен күткен жөндеу  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп келеді.  Қазір жұмыстың 30 проценті орындалды.   Ескі еденге  ДСП жабынды төселіп, кейін  ленолеум төселеді.  3 қабатты мектептің кіреберісі де танымастай өзгереді. Ескі плитка мен қолданысқа берілген кезде орнатылған есіктер көп ұзамай жаңа кафель мен пластик есікпен жаңартылады.  

ДӘУЛЕТ КАМАЛИЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ  ӨКІЛІ:

- Біздің компания бұл нысанды шілденің басында жұмысқа алды. Бірнеше бригада істеп жатырмыз.  Ескі ғимарат болғандықтан қабырғаларын тегістеу қажет.  Еденге ДСП төселді. Терезелердің барлығы орнатылды. Жаңбырлы күндерден кейін шатырды жаңартуды жалғастырамыз.

Биыл мектепте 169 бала оқыды. Білім беру мекемесінде шағын орталық пен интернат бар.  Интернатта жақын маңдағы 5 елдімекеннің балалары келіп оқиды. Мектеп биоотынмен жағылатын қазандықпен жылытылады. Жылыту жүйесі жаңартылғаннан кейін балалар сабағын жылы әрі жарық сыныптарда оқиды.   Бір айта кететіні биыл  56 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бюджеттен бұл мақсатқа 4,3 млрд теңге бөлінді.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ 8 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ
13:01, 4 тамыз 2021
БИЫЛ 8 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫ
17:22, 29 шілде 2021
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБА...
Толығырақ...
УНИВЕРСИТЕТ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТАДЫ
13:04, 28 шілде 2021
УНИВЕРСИТЕТ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...