ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

13:04, 9 тамыз 2021

 Биыл облыста 8 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Оларды мектепке даярлау мақсатында облыста  балақайлар мектебі жұмысын бастады. Онда бірінші сыныпқа баратын балаларды оқу жылына дайындайды, есепке, жазу-сызуға үйретеді. 

Петропавлдағы «БЭСТ» гимназиясында билы 4 бірінші сынып болады. Білім ордасының табалдырығын 100 бала алғаш аттайды.  Қазіргі таңда оқу ордасына бірінші сыныпқа баратын оқушылармен дайындық жұмыстары басталды. 9-20 тамыз аралығында дайындық топтарында балаларға математика, сауаттылыққа үйрету, ағылшын пәндері бойынша негізгі дайындық сабақтары жүргізіледі.

РАМИЛЯ АЛИМОВА, «БЭСТ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: 

 «Әр балаға мектеп бағдарламасын бірден игеріп кету оңайға соқпайды. Көбіне балабақшаға, мектеп алды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін қиын болады. Сол себепті мектебімізде дайындық оқу топтары құрылды. Мұнда біз сауатттылыққа үйрету пәнінде әліппиді үйретеміз, мәтіндермен жұмыс істейміз. математика пәнінде сандар қатарын үйретеміз. Ағылшын тілінен сабақтар өтеді.  Былайша айтқанда балабақшадағы дайындық топтарындағы бағдарлама жүргізіледі.»

Әр топта 15 баладан  бар. Оқушылар екі апта аралығында негізгі пәндер бойынша білімдерін жетілдіреді. Әр пән 30 минуттан.  Күнделікті 3 сабақтан өткізіледі. Сонымен қатар  мұнда жазғы мектеп те ашылды.

ОЛЬГА ЛОМЗОВА, «БЭСТ ГИМНАЗИЯСЫ»  КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А:

«26 мамыр мен 19 маусым аралығында  жазғы мектеп жұмыс істеді. Мұнда 5-10 сынып оқушылары  3 апта аралығында негізгі пәндер бойынша білімдерін жетілдірді. Бүгін тағы да мектебімізде жазғы мектеп өз жұмысын бастады. 5-11 сыныптар өткен оқу бағдарламасының негізгі пәндері бойынша білімдерін қайталап, жаңа оқу жылына дайындалады. Күнделікті 3-4 пәннен болады.»  

Болашақ бірінші сынып оқушылары үшін облыстың 306 мектебінің базасында 2 795 баланы қамтитын 345 топ жұмысын бастады.

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...