ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

БАЛАЛАР ӨЛКЕТАНУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА АТТАНДЫ

13:03, 9 қараша 2021

Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» атты дәстүрлі ғылыми-өлкетану экспедициясы басталды. Бірегей жоба аясында мектеп оқушылары Бурабайға, Айыртау және Мағжан Жұмабаев аудандарына аттанады.

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» бірегей жобасы басталды. Оның аясында балалар ғылыми-өлкетану экспедициясына аттанады. Бүгін мектеп оқушылары үшін салтанатты шара ұйымдастырылып, балаларға алдағы 4 күннің жоспар ұсынылды.

СӘУЛЕТ МҰҚАНОВА, ПЕТРОПАВЛДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Биыл қала мен облыстың өндірістік кәсіпорындарымен танысуға мүмкіндік туып отыр. Бірінші күні біз бірнеше зауытты аралып, саяхат жасаймыз. Сондай-ақ, сендерді облысымыздың Айыртау ауданына және көршілес Бурабайға қызықты экскурсия күтіп тұр. Одан кейін Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылына – көрнекті ақын Мағжанның туған жеріне сахаттап барасыңдар.

Қызықты саяхатқа шығу мүмкіндігін мектептің ең үздік «Керуен» және «Сәбит Мұқанов» шаңырақтары иеленді. Экспедиция барысында балалар тарихи, мәдени және өндірістік нысандарды аралап қана қоймайды, сонымен қатар тарихи ескерткіштер мен сәулет құрылымдары, инновациялық жобалар, қазақстандықтардың мәдениеті, салт-дәстүрлері мен тұрмысы туралы қызықты деректер жинайды. Болашақта бұл деректер эссе және басқа да зерттеу жұмыстарын жазуда пайдаланылады.

ДИЯРА АҒЗАМОВА, ПЕТРОПАВЛДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

– Біз бүгін екі зауытты араладық. Фанердің қалай жасалатынын көріп, сүт өндіру процесімен таныстық. Бір күннің ішінде көптеген пайдалы әрі қызықты мағлұматқа қанықтық. Мұндай жобалардың балаларға берері мол. Өңіріміздің ерекшеліктерімен танысқан мектеп оқушыларының отансүйгіштік сезімі арта түседі.  Мысалы, мен еліміздегі ең ірі фанер зауытының біздің қалада орналасқанын мақтан тұтамын. Бұл бірегей өндіріс.

Экспедицияға барлығы 9-11-сыныптардың 39 оқушысы аттанды.

 

Тақырып бойынша материалдар

САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛЫП ЖАТЫР
17:26, 18 қаңтар 2022
САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...