ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫ

17:22, 29 шілде 2021

2019 жылдан бастап СҚО білім беру саласында жалпы сомасы 670 млн теңгеге 37 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жүзеге асырылды.  Биыл наурызда Бескөл орта мектеп-гимназиясын сенімгерлікке басқаруға беру туралы келісімшарт жасалған. Жоба құны -300 млн теңге. Ол 10 жыл бойы жүзеге асырылмақ. Оқу орнының атауы «Бескөл мектеп-колледжі» болып ауыстырылды.

Мектеп ғимараты 1967 жылы салынып, содан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Мұнда 900-ге жуық оқушы білім алады. Биылдан бастап мекеме кәсіптік білім де береді. Мектеп-колледжде «Бағдарламаланған станоктарды басқару операторы» біліктілігі бойынша оқыту  тегін жүргізіледі. Жаңа мамандықты меңгерген жастар қазіргі таңда кадр мәселесі өзекті болып табылатын өнеркәсіп өндірісі саласында еңбе ете алады.

ТАТЬЯНА МИШКИНА, «БЕСКӨЛ МЕКТЕП-КОЛЛЕДЖІ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ :

- «Колледжіміздің артықшылығы-балалар тәжірбиеден өткен кезде шәкіртақы мөлшерінде төлемақы алады. Дуалды жүйедегі оқу мерзімі еңбек өтіліне кіреді және түлектеріміз 100 пайыз жұмыспен қамтылады.»

«Радуга» компаниясы қарқынды дамып келе жатқан жетекші кәсіпорындардың бірі. Сондықтан өндіріс орнына мамандар қажет.  Сол себепті де мектеп оқушыларына ерте кәсіптік білім беру туралы шешім қабылданды. Жаңа жобаға инвестиция құю-бұл маман тапшылы мәселесін шешудің бірден бір жолы. Оқу мерзімі өндірістік тәжірбиемен бірге 2 жыл 10 айды құрайды.  

ПЕТР ШАРАПАЕВ, ИНВЕСТОР:

-  « Биыл 270 млн теңге жұмсалады. Жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Оған 50 млн теңге қаржы жұмсалды. Электр желілерін өткіздік. Спорт залына жөндеу жүргізілді. Келер жылы жұмысты жалғастырамыз».

9 сынып түлектері жатақханаға жайғастырылады. Сыныптар заман талабына сай жабдықталған. Бұдан басқа жеке инвесторлардан бес мектепті сенімгерлік басқаруға алу туралы ұсыныстар түскен. Қазіргі уақытта келісімдер жүргізіліп жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАНДАЙ?
20:47, 16 қыркүйек 2021
ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАНДАЙ?
Толығырақ...
ИНВЕСТОР  БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ҚАРЖЫ ҚҰЙДЫ
17:08, 6 қыркүйек 2021
ИНВЕСТОР БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ҚАРЖЫ ҚҰЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...