ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ШЫҚТЫ

17:10, 16 тамыз 2021

Биыл М.Қозыбаев атындағы СҚ университетіне 797 грант бөлінген. Оның 91-і «Серпін» бағдарламасымен оқуға түсетін студенттерге берілсе, педагогикалық мамандықтарда 300-ден аса адам тегін оқи алады. Биылғы қыркүйек айынан бастап бакалавриат бойынша шәкіртақы көлемі қанша болады? Келесі бейнематериалдан білеміз.

Білімдіге жол ашық. Андрей Ударцев ҰБТ-да 108 ұпай жинап, М.Қозыбаев атындағы СҚУ грантқа оқуға түсті. Талапкер орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі болуды армандаған. Арманына қол жеткізіп, енді оқу жылының басталуын асыға күтіп жүр.

АНДРЕЙ УДАРЦЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ:

ұбт-ға өзгелері секілді күні түні тайындалған жоқпын. Екі жыл бұрын, 10-шы сыныпқа баратын кезде алдыма мақсат қойып, әрбір пәнге аса жауапкешілікпен қарап, сабағымды жақсы оқи бастадым. Тестлеудің алдында қобалжыған жоқпын, бар білімімді жинақтап, жақсы ұпай жинадым. Мен үшін ең маңызды мамандықтардың бірі бұл мұғалім және дәрігер.

Грант иегерлерінің тізімі белгілі болды. Енді университет өкілдері тегін оқуға мүмкіндік алған студенттердің құжаттарын жинап жатыр. Kozybayev University-ге құжаттарды бірнеше тәсілмен: біріншісі бұл, үкіметтің электрондық порталы арқылы немесе оқу орнына тікелей келіп тапсыруға болады. Алыс аудандарда тұратындар үшін университетте виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Гранттарға тоқталсақ, жалпы ЖОО 797 грант бөлінді, оның 91-серпін бағдарлмасы арқылы білім алушыларға, 300-педагогикалық мамандықтарға.  

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Шәкіртақы шамамен 23-25 мың тг болады. Бұл мамандыққа және студенттің оқу үлгеріміне байланысты. Жылдық оқудың ақысы 20-30 пайызға көтерілуі мүмкін.  Сондай-ақ, облыс әкімінің 50 гранты бөлініп отыр. Оған конкурс бүгін аяқталады. Бұл гранттың ерекшелігі, студентер тегін оқығанымен, бірақ, шәкіртақы алмайды. Алайда, оқу барысында мемлекеттік гранттқа ауыса алады.

Грантқа түсу үшін барлық мамандықтар бойынша ұпай әртүрлі. Мәселен, техникалық мамандықтарға 52 балл жеткілікті болса, педагогикалық мамандықтарға 100 ұпайдан асу керек. Сондай-ақ, биыл квота арқылы оқуға түскен талапкерлер де көп.

Жанбота Естайқызы

Тақырып бойынша материалдар

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
20:48, 27 қазан 2021
«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Толығырақ...
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
13:07, 25 қазан 2021
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...