ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ ОРДАСЫНА 100 ЖЫЛ

20:37, 26 қараша 2020

Қасиетті қара шаңыраққа биыл 100 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжді ғасырлық мерейтойымен құттықтап, хат жолдады. Хатты көпшілік алдында облыс әкімі Құмар Ақсақалов оқып, білім ордасының басшылығына табыстады. Муниципалдық телеарнадағы әріптестеріміз әзірлеген сюжетке назар аударайық.

Оқу ордасының тарихы өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастау алады. Ол кезде "Қызыл мұғалімдер" деп аталса керек. Кезінде мұнда Мағжан Жұмабаев дәріс оқыған. Кейін Сәбит Мұқановтың ұйымдастыруымен Қазақстандағы ең алғашқы әдеби үйірме осы колледжде ашылған екен.

ЕРЛІК ЖАНДІЛДИН, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- "1993 жылы колледжге қазақтың атақты ақыны, педагогы, ғалымы М.Жұмабаевтың аты берілді. Дәл сол жылы ұлы тұлғаның 100 жылдық мерейтойы аталып өткен. 01:46 Нәтижелерді айтатын болсақ, соңғы 4 жылдың ішінде біраз дүниелер жасалды. Білім ошағымыз жоғары колледж атағын алды. 2018 жылдан бері студенттер бакалавр дәрежесінде білім ала алады".

Бір ғасырлық тарихы бар білім ордасы жан-жақты даму үстінде. Биыл “Жас маман” жобасы аясында 320 млн теңгеген оқу жабдықтары алынған. Колледжде соңғы үлгідегі мультимедиялық кабинеттер жұмыс істейді. Робототехникамен де айналысуға болады, 3D-үлгілеуді де меңгеруге мүмкіндік бар.

Бүгін колледж ұжымын облыс әкімі Құмар Ақсақалов 100 жылдық мерейтойымен құттықтай келді. Өңір басшысы білім ордасының еліміздегі үздік оқу орындарының қатарында екенін атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- "Биыл тарихы бай Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Бір ғасырдың ішінде колледж елімізге танымал іргелі оқу орнына айналды. Сіздерді колледждің мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 01:51 Құрметті ардагерлер, көп жылдар ұстаздық еткен сіздерге алғысымды білдіремін. Тарихы бай колледждің мәртебесі өсе берсін. Еліміздің дамуына үлес қосатын жас мамандар көп болсын".

М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 100 жылдық мерейтойына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдаған екен. Мемлекет басшысы бұл мерейтой егеменді еліміздің білім саласындағы айтулы оқиға екенін атап өткен.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

- Тарихы мен тағылымы мол оқу орны ұстаздарының өскелең ұрпақты тәрбиелеуге сіңірген еңбегі орасан зор. 03:10 Бүгінде колледж ұжымы заман талабына сай білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар дайындау ісіне елеулі үлес қосуда. Осындай мәртебелі миссияны абыроймен атқарып келе жатқандарыңыз үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті болсын! Қасым-Жомарт Тоқаев".

Ниёля Адамоните - М.Жұмабаев атындағы колледжің түлегі. 2 жыл бұрын қолына диплом алған жас қазір «әл-Фараби» мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етеді.

НИЕЛЯ АДАМОНИТЕ, КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕГІ:

-  "Осы колледжде білім алғаныма қуанамын. Мұндағы ұстаздарға мың алғыс білдіремін. Бұл білім ұясынан мықта маман болып шықтым деп айта ламын".

Жалпы, бір ғасырдың ішінде бүгінгі М.Жұмабаев атындағы колледждің қабырғасынан 30 мыңнан астам түлек түлеп ұшқан. Ал қазіргі кезде білім ордасында 14 мамандық бойынша 1 жарым мың студент біліп алып жүр. Болашақ мамандарға 200-ге жуық білікті ұстаз сабақ береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13:01, 18 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АДАМНЫҢ ИММУНИТЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ДӘРУМЕНДІ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
20:44, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АДАМНЫҢ ИММУНИТЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ДӘРУМЕНДІ Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...