ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

БИЫЛ 8 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ

13:01, 4 тамыз 2021

1 тамызға дейін облыс мектептері  8053 баланы бірінші сыныпқа қабылдады. Оның 2083-і мемлекеттік тілде, қалғаны орыс тілінде оқуға ниеттерін білдірген. Биылғы оқу жылының басты ерекшеліГІ -  бұл «Әліппе» пәніНІҢ қайта оқу бағарламасына қосылуы. Және жаңадан «Цифлық сауаттылық» пәні енгізілмек.  Жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар келесі бейнесюжетте.

Биыл бірінші сыныпқа құжатарды қабылдау науқаны 1 сәуірден 1 тамызға дейін жалғасты. Ережеге сәйкес мектептер алты жастағы балаларды және енді алтыға толатын балаларды қабылдады. Құжаттарды қабылдау электрондық үкімет веб порталы арқылы және тікелей білім ордасына өтініш білдіру арқылы жүзеге асырылды. Осылайша, биыл облыста 8053 бала мектеп табалдырығын аттамақ.

ТАТЬЯНА ПРОТОПОПОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

8 мыңнан аса оқушының  2083-і білімді мемлекеттік тілде, қалған 5970-і орыс тілінде алады. Егерде ата ана 1 тамызға дейін құжаттарын тапсырып үлгермесе, таңдаған білім ордасының өкілдеріне жүгіне  алады. Сондай-ақ,дайындық тобына қатыспаған оқушылар  9 тамыздан 22 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлау сыныбына қатысады.

Биылғы оқу жылынының басты жаңалықтарының бірі –   мектептерде «әліппе» пәні қайта оқыталатын болады.  Бұл сабаққа аптасына 6 сағат бөлініп отыр. 2021-2022 оқу жылының 1 қаңтарынан бастап білім беру процесінде тағы бір жаңа «цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі.

ТАТЬЯНА ПРОТОПОПОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектеп формасына тоқталатын болсақ, пандемияға дейін мектеп формасы міндетті түрде сақталуы тиіс болған еді. Енді қазіргі жағдайға байланысты, өткен жылдағыдай биыл да мектеп формасынан бөлек, оқушыларға классикалық киім киюге рұқсат беріп отырмыз.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 471 мектеп бар. Білім ордалары 1 қыркүйек барлық санитариялық нормаларды сақтай отыра, оқушыларды дәстүрлі оқыту форматында қабылдауға дайын.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАНДАЙ?
20:47, 16 қыркүйек 2021
ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАНДАЙ?
Толығырақ...
ИНВЕСТОР  БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ҚАРЖЫ ҚҰЙДЫ
17:08, 6 қыркүйек 2021
ИНВЕСТОР БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ҚАРЖЫ ҚҰЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...