ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КӨП

20:47, 17 ақпан 2021

Солтүстік Қазақстан облысында 22 колледжде дуалды жүйе бойынша оқыту жүргізіліп жатыр. Бүгінде студенттер теориялық білімді практикада ұштастыра алады. Оның үстіне биылдан бастап олардың дуалды оқыту жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болды. Қазір 2033 адам осы бағытпен оқып жатыр.   

Кирилл Хайруллин- Петропавл машина жасау колледжінде 2-курста оқиды. Бүгінде өңірде металл жонушы мамандығы үлкен сұранысқа ие. Сондықтан ол бұл мамандықтың қыр-сырын меңгеріп жүр. Қазіргі таңда жас студент «Авагро» кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.

КИРИЛЛ ХАЙРУЛЛИН, ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

«Ақпаннан бастап өндірістік тәжірибеден өтіп жатырмын. Осы уақыт аралығында мұндағы тәжірибелі мамандар мені көп нәрсеге үйретіп, көрсетті. Қазіргі таңда  бұрандалы түйреуіштерді қалай жасау керектігін білемін. Еш қиындық туындап жатқан жоқ. Болашақта өзімнің мамандығым бойынша жоғары оқу орнына түсіп, сосын жұмысқа тұрғым келеді. »

Бүгінде «Авагро» кәсіпорны ауыл шаруашылығына қажетті көптеген қосалқы құрал-саймандарды құрастырады.  Сондай-ақ, түрлі бүріккіш техникаларын да шығарумен айналысады. Қазіргі таңда мұнда 50-ге жуық жұмысшы еңбектенеді. Оның арасында жас мамандар да бар.

ЕВГЕНИЙ РЫМАНОВ, «АVAGRO» ЖШС БРИГАДИРІ:

«Біздің кәсіпорынға жас мамандар әрдайым қажет. Сондықтан біз Петропавл машина жасау колледжімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеміз. Қазір мұнда 4 студент өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Кейін өзін жақсы жағынан көрсеткен жас мамандарды жұмысқа қабылдаймыз».

Ал Мадина Габдулина- Петропавл құрылыс экономикалық колледжінің 3-курс студенті. «Кондитер» мамандығы бойынша білім алып жүрген ол қыркүйек айынан бастап «Рахат Лукум» кондитерлік цехінде өндірістік тәжірибеден өтіп, торт, печенье, тәтті тоқаштарды пісіруді үйреніп жүр. 

МАДИНА ГАБДУЛИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

«Маған бұл жерде өндірістік тәжірибеден өту ұнап жатыр. мұндағы мамандар бізге әрдайым бар білген түйгендерін айтады. Қазіргі таңда мен печеньенің түр-түрін әзірлей аламын. Енді келешекте осында жұмысқа тұрғым келеді.»

Жалпы облыста 22 колледжде дуалды жүйе бойынша оқытылады. Яғни, студенттер теориялық білімді практикада ұштастыруда. Қазіргі таңда осы бағытпен 2 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

БАУЫРЖАН ЗЕЙНУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

«Бүгінде 322 кәсіпорынмен 779 үшжақты келісім шарт жасалды. Оның аясында студенттер одан әрі жұмысқа орналасу үшін тағылымдамадан өтіп жатыр. Дуалды оқу жүйе бойынша білім алушылардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 21%-тен 24%-ға дейін артты. Оның үстіне биылдан бастап дуалды оқыту жүйесі арқылы білім алған мерзім еңбек өтілі ретінде есептелмек. Бұл- студенттер үшін жағымды жаңалық болды.»

Айта кетейік, 2020 жылы дуалды жүйе бойынша 726 білікті маман даярланып, оның 602-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
17:17, 1 сәуір 2021
СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...