ШҰҒЫЛ! КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ Толығырақ

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

17:20, 19 қаңтар 2021

Облыстың кәсіби білім беру мекемелері жаппай дуалды оқыту жүйесіне көшіп жатыр.  Соңғы 6 жыл бойы жергілікті Кәсіпкерлер палатасы мен атқарушы органдар дуалды оқыту жол картасын жүзеге асыруда. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың оң нәтижесі де бар. Оған қоса, биылдан бастап, студенттердің білім алу кезіндегі мерзімі олардың жұмыс өтіліне саналатын болды.

Дарья Вахрамеева СҚО кәсіби дайындық пен сервис колледжінің 2-ші курс студенті.   Өңірде тігіншілер сұранысқа аса ие екенін түсінген, әрі анасының жолын қуған бойжеткен қазір бұл мамандықтың қыр сырын меңгеріп жүр. Оқу барысында тігін фабрикаларында өндірістік тәжірибеден өтіп, шеберлігін арттырып келеді. 1жыл 10 ай оқудан кейін Дарья тұрақты жұмыс табатынына сенімді.

ДАРЬЯ ВАХРАМЕЕВА, СТУДЕНТ:

- Маған тігіншілік ісі ұнайды. Бала кезден анамның қасынан шықпай, үйреніп отырдым. Енді сүйікті ісімді кәсіпке айналдырмақшымын.  Жергілікті тігін фабрикалары мен цехтардың көбінде тігіншілер жетіспейді. Жұмыссыз қалмаймын. Оған қоса тегін оқып, шәкіртақы аламын.

Облыстық кәсіби дайындық пен сервис колледжі кезінде оқыту-өндірістік комбинаты ретінде ашылып, уақыт өте келе колледж боп қайта құрылды.   Мұнда жалпы білім беретін және түзету мектептерінің түлектері жұмысшы мамандықтарын игереді. Олар үшін 8 шеберхана жабдықталған. 2018 жылдан бері оқыту мекемесі бірқатар кәсіпорынмен келісімге тұрып, студенттер өндірістік тәжірибелерін сонда өткізеді. 

ГАЛИНА РЕЙБАНДТ, СҚО КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ  ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің колледж ерекше оқытуды талап ететін  балаларды сұранысқа ие мамандыққа үйретіп, оларды осы өмірге бейімдейді. Студенттер 1 жыл 10 айдың ішінде етікші, тігінші, шаштараз, омарташы болып шығады. Биыл орман шаруашылығы және бау-бақша ландшафтық құрылыс атты   жаңа мамандық ашылды. Дуалды оқытуға  2018 жылы  көштік.  Нәтиже жақсы. Түлектердің 95 проценті оқы бітірген соң жұмысқа орналасып жатыр.

Ал бұл болашақ кәсіпкерлер. 2018 жылдан бастап колледжде омарташылыққа даярлайтын мамандық ашылды. Оқуын тәмамдағаннан кейін бұл жігіттер жеке кәсіпкерлік ашып,  жұмыс істейді. Сондықтан ара шаруашылығының негіздерімен қатар, оларға кәсіпкерліктің қыр-сырын да үйретеді. Бір айта кететіні, кәсіби дайындық пен сервис колледжі облыста омарташылыққа даярлайтын жалғыз оқу орны.

НИКОЛАЙ ДОРОШЕНКО, СТУДЕНТ:

- Бұл мамандық бойынша екінші жыл оқып келемін. Жазда аудандарға барып, араларды өсіріп-баптауға үйрендік. Менің атам кезінде омарташы болғысы келген. Оның арманын мен жүзеге асырып жатырмын.

Колледж негізінде мамандарды сертификаттау орталығы мен  оқыту орталығы құрылған. Енді жұмыссыз жүрген тұрғындар өңірдің өндіріс ошақтарына жұмысқа тұрғылары келсе, осында қайта оқып, біліктілігін дәлелдейтін сертификатқа ие бола алады.

ВЛАДИМИР ЛИТВИНЕНКО, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ :

- Дуалды оқыту жол картасын жүзеге асырып жатқанымызға 6 жыл болды. Осы мерзім ішінде бұл жүйеге 260 кәсіпорын мен 22 колледжді енгіздік. Студенттер 27 мамандық бойынша білім алып келеді. Сонымен қатар, биылдан бастап, оқы кезіндегі мерзім, олардың еңбек өтіліне қосылады.

Дуалды оқыту жүйесі  жергілікті кәсіпорындардың білікті кадр тапшылығы мәселесін біртіндеп шешіп келеді.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

СТАРТАП-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ
17:17, 1 наурыз 2021
СТАРТАП-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КӨП
20:47, 17 ақпан 2021
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КӨП
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
20:40, 25 ақпан 2021
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
Толығырақ...