ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ӨНЕРДІ ҮЙРЕН ДЕ, ЖИРЕН

13:15, 10 тамыз 2021

  

М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында 100-ден астам бала жаңадан ашылған шығармашылық орталықта қолтаңбалы өнер, өлкетану, робототехника үйірмелеріне барып жүр. Орталықта балаларға бизнес саласы бойынша да дәрістер оқылады. Жеткіншектердің бос уақытын мазмұнды өткізуге сеп болып отырған нысанның жұмысымен арна тілшілері танысып қайтты.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Бүгінгі таңда бұл орталықта 100-ден астам бала өлкетану, робототехника, қолтаңбалы өнер, сондай-ақ бизнес және кәсіпкерлік сынды үйірмелерге қатысады. Ең бастысы бұл аталған үйірмелердің барлығы тегін және балаларға бес бірдей білікті маман сабақ береді.

Қолтаңбалы өнер үйірмесіне қатысатындардың ең жасы кішісі - Санжар Әнуар. Оның жасы небары жетіде. Жетекшілерінің айтуынша ол өте талапты, әрі ізденімпаз бала.

САНЖАР ӘНУАР, ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Біз мұнда қағаздан үйлер, вазалар жасаймыз. Ағаштарға сурет саламыз. Оны күйдіріп түрлі ою-өрнек саламыз. Көп нәрсе істейміз.

Мұнда балалар қиялдарына қанат бітіріп, қағаз, пластик, ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Орталық мамандарының басты мақсаты балалардың бос уақыттарын мазмұнды әрі тиімді өткізуге септесу.

БАХТИЯР ТІЛЕУІП, ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Мен мұнда осы орталық ашылғалы келемін. Өзіме ұнайды. Ағашпен жұмыс істейміз. Түрлі құрал-жабдықтарды қолдана отыра үстелдер, мүсіндер жасаймыз. Достарым да осында жүр. 

200 балаға шақталған шығармашылық орталық қаңтар айында ашылды. Жарты жыл ішінде келушілер саны 100-ден асқан. Жыл соңына дейін тағы 50 шақты баланы қабылдау көзделіп отыр.

ӘЛИЯ ТІЛЕУІП, «АЛТЫН ҰРПАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

Бұл орталықта балалар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ой өрісін кеңейтеді. Бұрынғы ата-бабаларымыз баланы жастайынан өнерге баулыған. Жігітке жеті өнер де аз деп бекерге айтылмайды. Бұл жерде алған білімдері кейін тұрмыса өздеріне қажет болады. Ата-аналар да орталықтың ашылғанына қуанышты.

Қыз балаларға қолтаңбалы өнер үйірмесінде тігіншіліктің қыр-сыры үйретіледі. Жалпы орталыққа кез келген жастағы жасөспірім келіп, өіне ұнаған кәсіпке ден қоюға мүмкіндігі бар.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...