ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

20:45, 23 ақпан 2021

Қазақстанның жас ғалымдары Түркияда өткен халықаралық додада жеңімпаз атанды. «Бэст» гимназиясының оқушысы BUCA IMSEF байқауында өзінің инновациялық жобасын қорғап, жүлдеге ие болды. Бойжеткенмен телеарнамыздың түсіру тобы кездесіп, өнертапқыштың тың идеяларымен танысты. 

«Бэст» гимназиясының 11-ші сынып оқушысы Тоғжан Ахметова косметика мен медициналық препараттарды жасау үшін ағаш қалдықтарын пайдалану жобасына 2,5 жылын жұмсаған. Оның айтуынша, тың идеяны іске асыруға білім ордасындағы және химия үйірмесінің оқытушылары көмектескен. Жас ғалымның айтуынша, бетулиннен 100 грамм өнім алу үшін бір апта қажет. Айтпақшы, байқауда оның өнімі  толығымен табиғи және экологиялық таза деп танылды.  

ТОҒЖАН АХМЕТОВА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Біз Сокслет аппаратының көмегімен шығаратын белсенді затты қосуды бастадық. Бұл бетулин. Оны өнімдерге де қосамыз.Сол себепті ол экологиялық таза болып табылады. Қарсыластарымыз өте мықты болды. Мен ол жақта өзге мемлекеттерден келген өнертапқыштармен танысып өзара тәжірибе алмастым.

Халықаралық байқауға 24 елден 300-ден астам жоба қатысты. Айта кету керек, іс-шара Түркияның Измир қаласында өтті. Жүйріктердің арасынан алға суырылып, алтын медальді жерлесіміз жеңіп алса, екінші орын және күміс медалді Қытайдан және үшінші орын мен қола медальді Әзірбайжаннан келген ұлдар қанжығаларына байлаған.

ӘЛИЯ ХАМИТХОЖАЕВА, ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫ:

- Тоғжан өзі алғыр бала. Тақырыпты бердім, өзі ертеңіне келіп не тапты интернеттен соны әкеп көрсетті. Біз жұмысты бастап кеттік. 6,47 Бізге Манаш Қозыбаев университетінің ұстаздары да көмектесті.

Тоғжан бұған дейін де бірнеше рет  халықаралық және республикалық байқауларға қатысып, жүлдегер атанған. Мектеп оқушысы тіпті өзінің стартап-жобасын да сәтті қорғап шығыпты.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
17:17, 1 сәуір 2021
СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...