ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР КЕҢЕСІНІҢ АККРЕДИТАЦИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ

13:08, 15 қараша 2019

Петропавл қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі білім беру саласындағы халықаралық ұйымдар тізімін толықтырды. Білім ордасы Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясына ие болды.Бұл жаңалық ұжым мен оқушылар үшін тың мүмкіндіктер мен толағай табыстардың бастауына айналмақ.

Бүгінгі күні Халықаралық мектептер кеңесіне әлемнің 116 мемлекетінен 1 300 университет, 740 мектеп пен 615 колледж мүшелік етеді. Аккредитациядан өткен мектеп түлектеріне әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік туады. Халықаралық мектептер кеңесінің АҚШ, Австралия, Италия, Үндістан, Египет және Қазақстан атынан келген сарапшылары ағымдағы жылдың 28-і қыркүйегі мен 4-ші қазаны аралығында петропавлдық Зияткерлік мектепте жұмыс істеп, жан-жақты сараптама жүргізген болатын. Мектепті бағалау «Миссия, ұстаным және мектеп құндылықтары», «Оқыту және үйрету», «Басқару және көшбасшылық», «Кәсіби құрам және техникалық қызметкерлер», «Қолжетімді оқыту мен білім», «Операциялық жүйелер», сондай-ақ шет тілдерін меңгеру бойынша барлық әлемдік стандарттар талабына сай жүргізілді. Әлемдік білім беру саласындағы ең беделді ұйымның шешімімен ұжым аккредитациядан өткендігі жайында халықаралық сертификатқа лайық деп танылды. Бұл бірнеше күннің емес, білім ордасының ашылған сәттен бері, ұжымның жүйелі түрде аянбай атқарған еңбегінің жемісі екенін атап өткен жөн.

НҰРҒАЛИ ЕЛШІБЕКОВ, ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫ
17:22, 29 шілде 2021
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБА...
Толығырақ...
УНИВЕРСИТЕТ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТАДЫ
13:04, 28 шілде 2021
УНИВЕРСИТЕТ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДЫҢ ЕКІ МЕКТЕБІНЕ ЖАҢА КӨЛІК БЕРІЛДІ
20:42, 23 шілде 2021
ПЕТРОПАВЛДЫҢ ЕКІ МЕКТЕБІНЕ ЖАҢА КӨЛІК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...