ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

КІТАПХАНА ҚОРЫ МЫҢ КІТАПҚА ТОЛЫҚТЫ

20:47, 13 мамыр 2021

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ кітапхана қоры 1000-нан астам жаңа кітаппен толықты. Оның ішінде ел тарихы туралы, сындарлы саясат жайлы еңбектер бар. Сондай-ақ, адамды ынталандыру бағытындағы заманауи шығармалар да кездеседі.

ИНДИРА АХАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

« Кітап - білім бұлағы деп бекер айтпаса керек. Үстелдің үстіне тізіліп қойылған түрлі кітаптардың ішінде мұхиттай терең білім бар. Мәселен, мұнда бүгінгі күні көпшілікті қызықтыратын психологиялық және мотивацияға бағытталған кітаптардың жинақтарын тамашалауға болады. Сондай-ақ шетел тілдерін үйренгісі келетіндерге арналған әдістемелік кітаптар да бар.»

ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

«Бұл кітаптардың басым көпшілігі негізігнен бюджет қаражатына және сыйға тартылған кітаптар болып табылады.Осы жылғы кітап көрмесінің ерекшелігі – көркем әдебиет көп түсті. Оның ішінде қазақ әдебиеті әлемі бар, ресейлік авторлардың және шетел авторлардың туындылары молынан түсті. Қала оқырмандарын осы туындылармен қуантамыз деген ойдамын.»

Адамға рухани азық беретін туындылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Білімге құштар жандар бұл ЕҢБЕКТЕРДІ кітапханаДАН маусым айынан бастап оқуға ала алады. Қолданысқа берілмес бұрын кітаптар өңдеуден өтіп, оларға жеке нөмір қойылуы шарт.

ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

«Қоғамдық-тарихи, саяси кітаптар, тарих, өнер, медицина, психология, бизнес және тағы басқа салалар бойынша кітаптар түсті. Республикалық акция  аясында таңдалған бірнеше кітаптар біздің кітап қорын толықтырып отыр.»

Облыстық кітапханаға осы жолы 1000-нан астам кітап келіп түсті. Ішінде көптеген жаңа авторлардың туындылары да бар.

Индира АХАТҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
20:43, 9 маусым 2021
СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...