ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУ АҚЫСЫ ӨСТІ

13:03, 20 тамыз 2021

Өңірдегі жалғыз ЖОО - Қозыбаев университетінде оқу құны 50-60 мың теңгеге өсіп отыр. Бүгінде оқу ордасында бакалаврлардың 45%-ы ақылы негізде оқиды. Енді студенттер бұрынғыдай 390 мың тг емес, кем дегенде шамамен 440 мың тг төлемек. Медициналық мамандықтарға оқуға түсемін деушілер қалтасынан 740 мың теңгеден аса қаражат төлеуге дайын болулары керек.

Сондай-ақ, бұрын сырттай оқитындар үшін кей мамандықтардың оқу құны жылына бар-жоғы 145 мың теңге болатын. Айта кеткен жөн, бұл сомма 1 студенттің оқу шығындарын өтей алмайды. Сондықтан, директорлар кеңесі қашықтан оқыту технологиясын  қолдана отырып, бакалаврларды оқытудың ең төменгі құнын 270 мың теңге деңгейінде белгіледі. Оқу құнын өсіру арқылы қыркүйек айынан бастап ЖОО оқытушыларының еңбекақысы көбейтілмек.

ЕРЛАН ШҰЛАНОВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР:

Соңғы екі жылда мектеп мұғалімдерінің еңбекақысы шамамен екі есе өсіп, университет оқытушылары жұмыстан кетіп жатты. Енді, 1 қыркүйектен бастап, университет оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Сонымен қатар білім берудің сапасын да жақсартамыз.  Сол себепті, оқу ақысы да өсіп отыр. Университет студенттерге қаражатты төлеудің бірнеше мүмкіндіктерін бермек.  Бөліп төлеуге де рұқсат бар.

Қыркүйек айынан бастап ЖОО оқытушыларының еңбекақысы 200 мың теңгеден басталады. Ал, оқу жүктемесі 900-ден 680 сағатқа дейін төмендетіледі.  Алайда, профессорлық оқытушылар құрамына қойылатын талаптар да артады. Университетке жұмысқа қабылдау кезінде рецензияланған ғылыми журналдарда мақалалардың болуы, педагогикалық процесске жаңа білім беру технологияларын енгізу ескеріледі. Сондай-ақ, оқытушылардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру, ЖОО кітапханасын жаңа оқулықтармен, электрондық кітаптармен толықтыру жоспарланған. Айта кеткен жөн, магистратура мен докторантурада оқу құны өзгермейді.

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...