ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»

20:38, 16 маусым 2022

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Мағжан оқулары-2022: ұлы даланың рухани мұрасы»  тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығын насихаттау, әрі мұрасын кеңінен зерттеу.

Алаш қайраткері, бес арыстың бірі Мағжан Жұмабайұлының  құрметіне жоғары оқу орнында «Мағжан оқулары» атты халықаралық конференцияны  өткізу дәстүрге айналған. Биыл да халықаралық конференцияға Түркия мемлекеті мен Қазақстандағы ЖОО-ның академик, профессорлары, докторантура мен магистратурада білім алып жүрген студенттер қатысты. Ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға 67 баяндама мен ғылыми мақалалар қабылданды. Олардың барлығы кейін жинақталып, университет баспасынан жинақ болып шықпақ. Ал 2022-2023 оқу жылынан бастап қазақ және орыс бөліміндерінде  білім алатын 1 курстар үшін «Мағжантану әлемі» арнайы курсы оқытылмақ. Сонымен қатар  заңғар тұлғаның шығармашылығын зерттеуді жалғастыру мақсатында ғылыми-зерттеу орталықтары да  ашылмақ.

ЖАНБАЙ ҚАДЫРОВ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ПРОФЕССОР:

- Биыл «Мағжан оқулары 2022» деп атап жалғатырып жатырмыз. Кафедра, тіл және институты мен ректордың арқасында ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейдегі конференция өз жұмысын бастап кетті. Мағжан оқуларына алдыңғы жылы Түркия мемлекетінің  және беделді ЖОО-ның 17 ғалымдары қатысып, өздерінің баяндаларын жасаған. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына деген қызығушылық күннен-күнге артып келеді.

АҚМАРАЛ СЕРІКҚЫЗЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫ ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Екі алыптың да рухани сабақтастығы өте зор. Өйткені екеуі де қазақ халқын білімге шақырды. Ғылымға ден қойюды үгіттеді. «Ғылым таппай мақтанбауға» шақырды. Сонымен қатар білімді оқу кез келген заманда өз өзектілігін жоймайды деген тақырып олардың шығармаларынан бой көтереді.

 

Алмагүл Тастанова

Тақырып бойынша материалдар

АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:37, 14 шілде 2022
АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар