ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

20:36, 24 маусым 2022

Қазақтың ақиық ақыны, өзіндік шығармаларымен халықтың жүрегінен орын таба білген алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың құрметіне Петропавлда дәстүрлі «Мағжан оқулары» республикалық-шығармашылық байқауының ашылуы өтті. Биыл оған еліміздің әр өңірінен 52-ге жуық оқушы қатысып жатыр.Әріптесіміз Алдияр Жылқайдаровтың сюжетіне назар аударайық

Екі жылдық үзілістен кейін биыл «Мағжан оқулары» қайта өткізіліп жатыр. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірнен 52-ге тарта жас қатысып жатыр. Қатысушылар «Өлең – менің Шолпаным,Айым,Күнім»,«Жасынан оқу оқып,өнер қуған»,«Ақын да бір бала ғой айға ұмытылған» атты үш номинация бойынша шеберліктерін көрсетеді.Шұғыла Берікқызы Қарағанды облысынан келген екен. Ол «Өлең – менің Шолпаным,Айым,Күнім» номинациясы бойынша өнер көрсетеді. Айтуынша Мағжанның 100ге жуық өлеңін жатқа біледі.

ШҰҒЫЛА БЕРІКҚЫЗЫ,БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Дәстүрлі байқаудың мақсаты - М.Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту, қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

РОЗА СӘРКЕН, БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мағжан оқулары  2 күнге шақталған. Балалар байқау аясында ақынның туған ауылы Сартомарға да барады. Музей үйіне экскурсия ұйымдастырылады.

САЛТАНАТ БОТАМҚҰЛОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ № 21 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Мағжан оқулары» республикалық-шығармашылық байқауының қортындысы бойынша,үзік нәтижеге қол жеткізген оқушылар дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

 

Алдияр Жылқайдаров

Тақырып бойынша материалдар

АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:37, 14 шілде 2022
АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар