ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

МАМАН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

17:15, 17 қыркүйек 2021

«Жас маман» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жүріп жатыр. 2020 жылы облыс орталығындағы 5 колледж жаңартылды. Биыл аудандардағы білім мекемелеріне қаражат бөлінді.   Солардың бірі Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжі. Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын тексерді.

Есіл ауданының жоғары ауылшаруашылық колледжі агрономдар, механизаторлар, малшылар және басқа да шеберлерді дайындайды. Биыл "Жас маман" мемлекеттік бағдарламасының арқасында жаңа заманауи техника сатып алынды. Егер осы уақытқа дейін студенттер 92 жыл бұрын зауыттан шыққан  ескі Енисейде және көне МТЗ тракторында тәжірибеден өтсе,  қазір олардың иелігінде жаңа Джондир техникасы бар.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Заманауи техникамен қатар, зертханалық жабдықтар да жаңартылды. Мысалы, сабаққа қажетті май өндіру бойынша оқу блогы және гео мен метеодеректерді көрсететін сымсыз метеостанцияны сатып алынды. Ауа-райының өзгеруін енді қашықтан бақылауға болады. Бұл колледждегі жалғыз жаңашылдық емес.

ЕВГЕНИЯ ЧЕРКАСОВА, ЖОҒАРЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ:

- Бізде майлы дақылдардың, құрама жемдердің сапасын анықтау үшін Инфоскан бар, яғни ол көмірсулардың, ақуыздардың, майлардың, протеиннің мөлшерін көрсетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша елімізде көшбасшылардың бірі. Білікті кадрларсыз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмас еді. Құмар Ақсақалов студенттермен кездесу кезінде олардың болашақ мамандығы біздің облыста ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша сұранысқа ие болатынын атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Сіздердің мамандықтарыңыз өте маңызды. жақсы оқып, практикалық дағдыларды үйреніңіздер .Кітаптарда теория бар, оны іс жүзінде қолдана білу керек. Базалық білімді облыс бойынша көрсету керек. Болашақта орта есеппен 20 центнер өнім алатындай болуымыз керек. Біздің жеріміз құнарлы.

Осы жылы қаржыландырудың арқасында мұнда мал союға арналған цех салынып, ет сақтау үшін мұздатқыш машина сатып алынды. Колледж қарамағында өзінің ірі және ұсақ қара малы бар. Алғашқы мал союды қазан айына жоспарлаған. Бұл цехтың артықшылығы-студенттер қосымша тәжірибе жинақтай алады.

БЕЙІМБЕТ БҰҒАСОВ, ЖОҒАРЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Биыл барлығы 5 колледж өзінің материалдық-техникалық базасын жаңарта алды. Бұған мемлекет бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлді. Мұндай ауқымды өзгерістер түлектерге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...