ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

МЕКТЕПТЕР ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

17:19, 26 тамыз 2021

Биылғы оқу жылында облыс мектептері 350-ге жуық жас маманмен  толығады.  Олардың басым бөлігі алғашқы еңбек жолын ауылдық жерлерде бастамақ.   Дипломын жуырда алған  мұғалімдерге тәжірибелі ұстаздар әдістемелік көмек көрсетеді.  Айталық қалалық 5 орта мектебінің ұжымына  6 бірдей  жас маман келді.

Сара Жетпіспаева мұғалім болуды бала кезден армандаған.  Ол үшін әуелі Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары педагогикалық колледжіне, кейін Еуразия  ұлттық университетке оқуға түсті.   Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі атанған жас маман жаңа оқу жылында  қалалық №5 орта мектебінің 5-6 сыныптарға сабақ бермек. 

САРА ЖЕТПІСПАЕВА, ЖАС МАМАН:

Александра Коваль болса осы мектепте орыс тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін болады.  Бойжеткен М.Қозыбаев атындағы университеттің биылғы жылғы түлегі. Оқу барысында  бірқатар қалалық мектептерде тәжірибеден өтті. Алайда алғашқы еңбек жолында тәжірибелі ұстаздардың көмегі керек болады деп ойлайды. 

АЛЕКСАНДРА КОВАЛЬ, ЖАС МАМАН:

Бірінші курстан бастап тәжірибеден өте бастадық.  Лорд, Мағжан Жұмабаев атындағы колледж жанындағы мектепте, № 10 қалалық мектепте тәжірибе жинақтадым.  Балалармен жұмыс істегенді жақсы көремін.  5-6 сыныптарға сабақ беремін. Жұмыс барысында қандай да бір сұрақтар боса, бізге жетекшілік ететін тәжірибелі ұстаздардың көмегіне жүгіне алатынымыз қуантады. 

Жалпы қалалық 5 –ші орта білім беру мектебінің ұжымы 6 жас маманмен толықты.  Олар қазақ тілі, орыс тілі мен ағылшын тілдері, өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімдері. 

ИРИНА ЕЛЬЦОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 5 ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жаңа оқу жылында балаларға 61 мұғалім сабақ береді.   Олардың 6-ауы жұмысқа биыл орналасты.  Осымен ұжымымыз толық қамтылып отыр. Жастар мектепте жаңа сыныптардың ашылуына орай қабылданды.  Әр жас маманға тәжірибелі ұстаз жетекшілік етеді.

Биылдан бастап, жас мамандарды жұмысқа қабылдау тәртібінде ерекшелік бар.  Олар қызметіне кіріспес бұрын  теориялық білімін,   педагогика мен психология  қабілеттерін көрсететін Ұлттық біліктілік тестілеуден өтеді.    

Тақырып бойынша материалдар

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
20:48, 27 қазан 2021
«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Толығырақ...
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
13:07, 25 қазан 2021
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...