ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

17:17, 14 қаңтар 2021

Өңірімізге жақында коронавирус індетіне қарсы 80мыңнан астам вакцина әкелінбек. Бірінші кезекте, алғы шепте жүрген дәрігерлер мен мұғалімдер және ауруханаларда есепте тұратын өңір тұрғындарына қойылады. Жалпы облыста коронавирусқа қатысты жағдай айтарлықтай тұрақталған. Дегенмен сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Себебі, СҚО әлі де сары аймақта.

Өңірімізде ковид-19 індетін жұқтырушылар саны 9350ге жетті. Олардың 21інің қазіргі уақытта жағдайы ауыр екен. Ал 8 науқас болса өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.  Жалпы облыстағы инфекциялық бөлімшелер 44пайызға толы.Осы індеттің алдын-алу үшін, қазіргі уақытта өңірде  вакцина егуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.  

НҰРЛАН АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облысқа кви-ға қарсы 80мыңнан астам вакцина әкелінбек.Бірінші кезекте, дәрігерлер мен мұғалдімдерге, есепте тұрған науқастар мен медициналық әлеуметтік мекеме қызметкерлері, мониторингтік топ мүшелері мен студенттерге екпе қойылатын болады. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Жалпы облыста індетпен ауырып жатқан науқастардың 17пайызы профилактикалық тексеру кезінде анықталса, 60пайызы  дәрігерлер көмегіне жүгінген, ал 23 пайызы болса науқастармен байланыста болған адамдар.Жалпы санитариялық бақылау департаменті мамандарының сөзінше, облыста жағдай бірқалыпты. Қазіргі уақытта карантинге жабылған елді мекендер де, білім ордалары да жоқ. Және дүйсенбіден бастап кезекші сыныптарда оқитын балалар үшін асханалар  жұмысын бастамақ.

АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мектепте штатты режимде оқып жатқан балалар үшін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, асханалар ашылатын болады. Сақтық шараларын мектеп дәрігерлері қатаң бақылауға алуы керек. Асхананың тек 30 пайыз орнына оқушылар отырғызылады, мәселен 100 балаға шақталған болса, бір уақытта тек 30 бала кіріп тамақтауына рұқсат. Барлық қызметкерлер 2сағат сайын  міндетті түрде медициналық маскалары мен қолғаптарын ауыстырып, арақашықтықта сақтауы керек.

Облыста жедел-жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны да  азайған. Сонымен қатар, дәрігер тапшылығы да байқалмайды. Себебі, ақ халаттылардың барлығы дерлік арнайы оқу курстарынан өтіп жатыр екен. Айта кетейік, індет басталған уақыттан бері 554 дәрігер індет жұқтырған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КІРІСТІ
20:37, 26 қаңтар 2021
СТУДЕНТТЕР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КІРІСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...