ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

20:37, 21 шілде 2021

Қазақстанда мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Өтінім беру рәсімін үміткерлер электронды үкімет порталы  және Қозыбаев университетінің қабылдау бөліміне хабарласу арқылы жасай алады.

16-25 шілде аралығында елімізде мемлекеттік гранттарға өтініштер қабылданып жатыр. Қозыбаев университеті  қазірдің өзінде 1,5 мың сұранысты өңдеген.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- «Қабылдау комиссиясы әдеттегідей, кешкі 19-ға дейін жұмыс істейді. Биыл виртуалды қабылдау бөлімі де қызмет етеді, онда азаматтарға грантқа түсу туралы кеңес беріледі. Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсететін байланыс алаңы  және тәулік бойы қызмет ететін колл-орталық  бар. Іріктеу комиссиясында жұмыс істейтін барлық техникалық хатшылар бізге электронды үкімет порталы арқылы келіп түскен өтініштерді өңдеуден басқа, кеңес беретіндігін атап өткім келеді.»

Егер үміткер өтінішті өздігінен жібере алмаса, оны университеттің қабылдау бөлімінде орындай алады. Грант иегерлерінің есімдері 4-10 тамыз аралығында жарияланады. Вера Веселова да мемлекеттік білім грантынан үмітті.  Бойжеткен «Музыкалық білім» мамандығы бойынша шығармашылық емтихандарын тапсырды.

ВЕРА ВЕСЕЛОВА, ТАЛАПКЕР:

- «СҚУ-ге түсуімнің себебі мен осында тұрамын. Бүгін грантқа өтініш беруге келдім. Егов сайты арқылы өтінімді өздігімнен бергім келіп еді, бірақ ауылда байланыс дұрыс болмай, техникалық ақауларға байланысты қолымнан келмеді. Мұнда маған өтінім беруге көмектеспек».

Сонымен қатар, бүгін Қозыбаев университетінде магистратураға қабылдау емтихандары басталды және докторантураға түсуге өтініштер қабылданып жатыр.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ 8 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ
13:01, 4 тамыз 2021
БИЫЛ 8 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫ
17:22, 29 шілде 2021
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБА...
Толығырақ...
УНИВЕРСИТЕТ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТАДЫ
13:04, 28 шілде 2021
УНИВЕРСИТЕТ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...