ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР» КӨРМЕСІ ӨТТІ

13:04, 6 маусым 2022

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мерейгер кітаптар» атты көрме өтті. Оған колледж студенттері, кітапхана ардагерлері мен тұрақты оқырмандар қатысты.

Қазақ әдебиетінің маржаны - «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырына биыл 210 жыл, ал «Ер Тарғын» жырының жарық көргеніне 160 жыл толып отыр.. Көрмеге осындай тарихы бар қазақ, орыс, шетел әдебиетінің туындылары және «Балалар жылына» балалар әдебиеті қойылған. Барлығы 108 кітап оқырман назарына ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге қатысушыларды әр туындымен жеке-жеке таныстырды. Көрменің мақсаты – оқырман тарту, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру.

 КӘМШАТ ӘБІЛКӘРІМОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бір кітаптың авторы, атауын айтсақ, бір кітаптың мазмұныныа, кейіпкеріне, шығу тарихына тоқталамыз. Сонымен қатар кейбір кітаптар театрда қойылымы болған, соларды да атап өтеміз.  Мерейгер кітаптар айдары жыл сайын өтіп жатады. Ал мұндай көлемді көрме міне ғаан ұйымдастырылып отыр. Бүгін енді оқырмандлармен қауышып таныстырып отырмыз. Ал негізінде әлеуметтік желіде оқырмандармен әр кітапты нақты тоқталып, таныстырып отырамыз.

Тақырып бойынша материалдар

АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:37, 14 шілде 2022
АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар