ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА 68 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

17:09, 24 тамыз 2021

Биыл педагог мәртебесі заңы аясында бірнеше мәселелер өз шешімін тапты. Мысалы, бұған дейін мұғалімдер біліктілігін ақылы түрде арттырса, енді биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 68,7 миллион теңге бөлініп отыр.

24 тамыз облыстың Кәсіподақ орталығының төрағасы білім қызметкерлері кәсіподақ активімен кездесу өткізді. Шара аясында педагог мәртебесіне қатысты бірқатар мәселе талқыланды. Енді  мұғалімдер біліктілігін бюджет есебінен арттырып қана қоймай, жылдағы медициналық тексеруден де тегін, жұмыс берушінің есебінен өтеді.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

2019 жылы тек 5 ауданда медициналық байқау ақысы жұмыс берушінің есебінен төленді. Осыған байланысты мұғалімдерден медициналық байқау ақысын төлеуге  қатысты өтініштер түсті. Кәсіподақтар екі жыл бойы осы сұрақ бойынша мониторинг жүргізді. Нәтижесінде әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық үшжақты комиссия бюджет саласындағы барлық басқармаларға - денсаулық сақтау; білім беру; мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері; дене тәрбиесі және спорт басқармаларына - медициналық ұйым басшыларымен бірлесе отырып, міндетті медициналық байқау ақысын жұмыс берушінің есебінен төлеуді қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасалды. Ұсынысымыз қабылданды. Енді, медициналық байқау жұмыс беруші есебінен төленеді, мұғалімдер біліктілігін тегін арттырады және денсаулығын дұрыстау үшін республика санаторийлеріне жіберіліп тұрады.

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...