ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

13:05, 18 қаңтар 2022

Қаңтардың 5-інен Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7 сыныбына құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Ол үшін ата-аналар білім ордасының сайтына кіріп, өздеріне ыңғайлы уақытта өтінім толтыра алады.

Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде 21 Назарбаев зияткерлік мектебі жұмыс істеп жатыр. Мектептер жүйесі Кембридж, Оксворд сынды әлемнің озық оқу орындарының тәжірибесін пайдаланады. Сондықтан халық арасында баласының осы білім ордасында оқығанын қалайтындар көп.

- Мен Мамлют ауданы, Покровка ауылынан келіп тұрмын. Балам осы сабақта жақсы, осы мектепте оқып, жетістіктерге жетсе екен деймін.

- Біз қаладағы қазақ мектеп гимназиясында оқимыз. Ол білім ордасы да жақсы. Бірақ мұндағы оқыту форматы басқаша, шетел тілдерін меңгеруге мүмкіндік көп. Онымен қоса өзге мемлекеттердегі жоғары оқу орындарында білім алуға болады.

Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау емтиханы сандық сипаттамалар, математика, қазақ, ағылшын және орыс тілдері бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, биыл жаратылыстану пәні тестілеуге қосылып отыр.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  :

  • Бүгінгі таңда 6-шы сыныпта білім алып жатқан оқушылар өз құжаттарын бере алады. Және де сәуір айында осы мектепке түсу үшін тест тапсырады. Осы конкурсқа қатысуға барлық оқушыларды шақырамыз. Себебі бізде оқу, осында тұру, тамақтану, киім бәрі тегін беріледі.

Құжаттарды қабылдау ақпанның 21-не дейін жалғасады. Ал, сәуірдің 13-14 аралығында емтихан өтеді. Жалпы, білім ордасы ашылғалы  402 баланы ересек өмірге шығарды, олардың ішінде 347 түлек отандық жоғары оқу орындарында, 56-сы шетелдік университеттерде білім алып жатыр.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:36, 24 маусым 2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТ...
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20:39, 23 маусым 2022
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
20:38, 16 маусым 2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...