ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 3 МЕКТЕП ҚАШЫҚТАН ОҚЫТЫП ЖАТЫР

17:19, 29 сәуір 2021

Петропавлдағы Н. Крупская атындағы №10 орта мектеп 2 аптаға қашықтан оқуға жіберілді. Білім ордасының екі мұғалімі және екі оқушысы короновирус жұқтырған.  Жалпы қазір өңірде қауіпті дерттен 16 оқушы мен 13 мұғалім емделіп жатыр.  Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

ЖАНБОТА ЕСТАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бүгінгі таңда СҚО жасыл аймақта, алайда оқушылар мен мұғалімдерді аты жаман ауру айналып өтпей қойды. 4 тоқсан басталғалы бері шаһарда тағы бір мектеп карантинге жабылды.

Бұл Надежда Крупская атындағы №10 орта мектебі. Білім ошағының айналасы тым-тырыс. Себебі  кеше, 28 сәуірден білім беру ордасы толығымен  қашықтан білім алуға ауыстырылып, 6 сынып карантинге жабылды.  Бірініші және төртінші сыныптарда оқитын екі оқушының отбасында вирус жұқтырғаны анықталды.

ТАТЬЯНА АНЦИБОР, Н.К. КРУПСКАЯ АТЫНДАҒЫ №10 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Кешегі күннен төрт 5-ші сынып карантинге жабылды. Өйткені кеше осы сыныптарға сабақ беретін мұғалім тапсырған ПТР тест сынамасы оң нәтиже көрсетті. Жалпы, 4 тоқсанда 2 мұғалім вирус жұқтырды. Бірінші жағдай бойынша, мұғалім мен оқушылар сейсенбі күні қайта дәстүрлі оқу форматына көшкен еді. Енді қайта қашықтан білім алуға мәжбүрміз.

Жалпы білім беру мекемесінде 73 мұғалім,  46 сыныпта 1140 оқушы оқиды. Содай-ақ, шағын орталық та бар. Карантин шараларына қарамастан, шағын орталық өз жұмысын жалғастырып жатыр.

ТАТЬЯНА АНЦИБОР, Н.К. КРУПСКАЯ АТЫНДАҒЫ №10 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Шағын орталықтың оқушылары мен қызметкерлері бөлек есіктен кіріп, шығады. Бөлек отырып тамақтанады. Яғни, мектеп оқушыларымен еш байланыс болмағандықтан, орталықты жабудың қажеті болмады.

Сондай-ақ, қашықтан білім беруге Ғ.Мүсірепов ауданының Новоишим орта мектебі мен Петропавлдағы дарынды балаларға арналған мектеп көшкен.  Жыл басынан облыста 160 ұстаз, 464 оқушы ковид-19 вирусын жұқтырды. Олардың ішінде  16 оқушы мен 13 ұстаз бүгінгі күні ем алып жатыр.  

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
20:40, 17 мамыр 2021
ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
13:01, 14 мамыр 2021
900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...