ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ

20:45, 14 қазан 2021

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қорында 700 мыңнан астам түрлі кітап бар. Әр тоқсан сайын мұнда әдебиет тізім жаңартылып отырады.

Мәселен, осы жолы кітапхана қоры жаңа 300-ге жуық түрлі жанрдағы шығармалармен толықты. Олардың қатарында Рухани Жаңғыру және 100 жаңа кітап бағдарламалары аясында келіп түскен әдебиеттер бар. Мұнымен қоса, жасөспірімдерге арналған комикстер, кішкентай оқырмандарға арналған қиял-ғажайып ертегілер, психология мен медицина салаларын қамтитын оқулықтар келді.

ЕЛЕНА СКАКУНОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

  •  Оқырмандарымыздан марвелдің «Өрмекші адам», «Бәтмен» сынды комикстеріне сұраныс үлкен. Сол себепті, осы жолы кітапханамызға ондаған жаңа комикс келді. Мұнымен қоса, жақында кино болып шыққан 1965ші жылдан бері басылып келе жатқан  «Дюна» кітабының 6 бірдей томы келді. Бұдан бөлек, менеджмент, экономика, экология мен психология жанрларындағы әдебиеттер келіп түсті.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕР «LIVING LAB» ЖОБАСЫНЫҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
13:05, 8 қазан 2021
СТУДЕНТТЕР «LIVING LAB» ЖОБАСЫНЫҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...