ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

20:39, 23 маусым 2022

Көңілді каникул. Оқушылар сарайында балғындар үшін жазғы академия жұмыс істейді. Қазірдің өзінде оған 170-тен астам бала қатысып жүр. Олар 4 сағат ішінде бірнеше үйірмеге барып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік алған. Мұндағы дәрістердің біріне арна тілшілері де қатысып қайтты.

7 жасар Мансұр лего үйірмесіне қатысады. Ол кішкентай бөлшектерден өзіне машина жасап алған.

 МАНСҰР ҚҰСАЙЫНОВ:

- Мен легодан ұшақ, машиналар құрастырамын. Үйде де осындай ойыншықтарым көп. Маған жалпы осында келген ұнайды. Жаңа достар таптым.

Балалар жазғы демалыстарын пайдалы өткізу үшін мұнда тағы 3 д бағдарламалау, мультипликация және гидропоника сынды бірнеше үйірме жұмыс істейді. Оның барлығы жазғы академия бағдарламасына енген. Бағасы да қалтаны қақпайды. 10 күндік жолдаманың құны – бар болғын 3 мың теңге. 

 НҰРЗИЯ МАЙЛИНА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл жазғы академияның бірінші маусымына 172 балғын келіп, қатысып жатыр.  Олар үшін 80-нен астам сабақ өткізіледі. Біз балалардың жас ерекшелігін ескеруге тырысамыз. Соған сай әр мұғалім жоспар құрады. Яғни, сабақтың қызықты өтуін көздейді. Бүлдіршіндерге мұнда ұнайды. Кейбірі тіпті, келесі маусымға да қалып жатады.    

Ата-аналардың құлағына алтын сырға, жазғы академия оқу жылы басталғанша жұмыс істейді. Яғни, әлі 4 маусым бойы мұнда балғындар қабылданбақ.

 

Мағжан Ахмадина

Тақырып бойынша материалдар

АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:37, 14 шілде 2022
АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар