ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КЕЙБІРІ ҮШІН ІІІ ТОҚСАН ҚАШЫҚТАН БАСТАЛДЫ

20:39, 17 қаңтар 2022

Бүгінен бастап мектеп оқушылары үшін ІІІ оқу тоқсаны басталды. . Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, қалалық 600-ден астам оқушысы бар мектептердің 6 -11 сынып оқушылары сабақтарын қашықтан бастайды.  Бұл өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілген шектеу шараларының бірі.

Облыс орталығында 600-ден астам оқушысы бар 22 мектеп бар.  Негізгі  өзгерістер осы мектептерге қатысты.  Мұндағы 9 мыңнан астам оқушысы сабақты қашықТан оқиды.   Назарбаев зияткерліке мектебі толығымен онлайн оқуға ауыстырылды. 

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ :

- Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін мектептер компьютерлік техниканы уақытша пайдалануға беріп жатыр. Мектептер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын жалғастыруда. Оқу процесі «бір сынып - бір кабинет» қағидасы бойынша, мектепке кіру және үзілістер – желдету, ылғалды жинау, кіреберістегі термометрия, бетперде режимін сақтай отырып, икемді кесте бойынша құрылады.

Қашықтан оқыту үшін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға уақытша пайдалануға 420 компьютер берілді. Алдағы уақытта  оның саны 1500 компьютерге дейін жеткізіледі.  Онлайн сабақтар    Bilim Land платформасында жүргізіледі.  Білім басқармасы жетекшісінің айтуынша   Мектепке дейінгі ұйымдар штаттық форматта жұмыс істеуін жалғастыруда, қосымша білім беру орталықтары, түзету кабинеттері де штаттық режимде жеке және 10 адамнан аспайтын топтарда жұмыс істейді .  Санитаиялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасаты Татьяна Горлова мектептерде шектеу шараларының не себепті қолданғандығын түсіндірді. 

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Егер мектепте 600-ден астам бала оқитын болса, бұл білім ордасында бір сынып, бір кабинет қағидасын ұстану қиынға соғады.  Бұл негізінен екі ауысымдық үлкен мектептер.  Мұнда санитарлық талаптарды тиісті деңгейде сақтау қиын.

Татьяна Горлова өз сөзінде  өңірдің  эпидемиологиялық жадайына  тоқталып,  күнен- күнге науқастардың саны артып келе жатқандығын айтты.  Коронавирустан сақтанудың жалғыз амалы вакцинаци мен ревакцинация екендігін кезекті рет ескертті.

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:36, 24 маусым 2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТ...
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20:39, 23 маусым 2022
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
20:38, 16 маусым 2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ-2022: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...