ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ӨҢІРДЕ МАЛ-ҚҰСТАРДЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

17:16, 26 тамыз 2021

Қазақстандық жоғары оқу орнының базасында алғаш рет төрт түлікті вакцинациялауды үйрететін шетелдік сертификаттау орталығы ашылмақ. Жобаның серіктесі - француздық «CEVA SANTE ANIMALE» компаниясы. Бірінші кезеңде оқытушылар білім алады, кейін олар өңірдің студенттері мен фермерлеріне білім беру қызметтерін көрсете алады.

Kozybayev University Агротехнологиялық факультетінің білім беру бағдарламалары дәстүрлі түрде республика бойынша үздік 10-дықтың қатарына кіреді. 750 студенттің 90% - дан астамы грант бойынша білім алады. Сол себепті француздық компания тренинг-орталығын ашу үшін солтүстікқазақстандық жоғары оқу орнын таңдаған.

ФЕРХАТ БИЛЬ ТЕКИН, «CEVA SANTE ANIMALE» КОМПАНИЯСЫ БИЗНЕС-БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қозыбаев Университетін таңдаған басты себебіміз бұл жақта жоғары білімді мамандар даярланады. Сондай-ақ, жастар жаңашылдыққа дайын. Ұстаздар қауымы да студенттерге барынша қолдау көрсетеді. Университет түрлі халықаларық байқауларға қатысып, қызықты ғылыми жобалар әзірлейді. Осы тараптан жаңа орталық ауыл шаруашылығы саласын таңдаған ұл-қыздарға көптеген жаңа мүмкіндіктер бермек.

Бастаманы жүзеге асыру үшін Kozybayev University мен серіктес компаниялар арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Мамандандырылған аудитория барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Студенттер мен оқытушылар үшін сертификаттар тегін беріледі. Осылайша, болашақ зоотехниктер жануарларды вакцинациялаудын француздық технологияларын игереді.

ДМИТРИЙ ИЛЬ, KOZYBAYEV UNIVERSITY «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Университет қабырғасында біз серіктес компаниялармен бірлесіп еліміздегі алғашқы сертификаттау орталығын ашпақпыз. Осылайша студенттер қосымша білім ала алады. Бұл әрине білікті де сауатты маман даярлауға үлкен сеп болмақ. Мұнымен қоса, жастар бір мамандықты ғана игеріп қоймай түрлі салаларды да зерттеп, қолдарына сертификат беріледі. 

Іс-шараға аймақтың ірі фермерлік шаруашылықтарының ветеринар- дәрігерлері, технологтары мен мамандары қатысты. Қонақтар үшін ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығын жақсарту мәселелері бойынша халықаралық компаниялар өкілдерімен диалог алаңы ұйымдастырылды.

Майгүл Сейілбек, Кирилл Потемкин  

Тақырып бойынша материалдар

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
20:48, 27 қазан 2021
«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Толығырақ...
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
13:07, 25 қазан 2021
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...