ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

20:37, 24 қараша 2020

Облысымызда бір тәулікте 105 адам Ковид-19 инфекциясын  жұқтырған. Ал қыркүйек айының басынан облысымызда мектеп оқушылары арасында аталмыш індеттің 108 жағдайы тіркелді, оның 61-і штаттық режимде, 47-сі қашықтан оқыған оқушыларда анықталған. Сонымен қатар қауіпті инфекцияны  24 педогог жұқтұрған.

Қараша айында оқушылар  арасында инфекцияны жұқтырудың 68 жағдайы анықталды.Бүгінгі таңда 19 бала ауырып жатыр. Оның 14-і Уалиханов ауданының мектеп оқушылары. 19 - 20 қараша аралығында Чехов  орта мектебінде 7  оқушы  індетке шалдыққан.  

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Оқушылар ковид- 19 инфекциясын күзгі демалыс кезінде жұқтырған. Осыған байланысты Чехов орта мектебі мен Кішкенекөл ауылындағы 3 мектеп толығымен қашықтықтан оқытуға көшті. Сндай-ақ Аққайың ауданында 1 және Петропавл қаласында 2 мектепте 1 науқастан және №14 мектепте 2 оқушы дертке шалдыққан..

Сонымен қатар облысымызда ковид-19 инфекциясын  24 педагог жұқтырған. Қазіргі таңда мұғалімдер  оқшауланып, қажетті ем -дом қабылдап жатыр. Білім басқармасы басшысының айтуынша ауру жағдайлары анықталған кезде мектеп жабылмайды. Егер бұл кезекші сыныптар болса, онда сынып немесе бүкіл мектеп қашықтан оқытуға көшеді. Оқу процессі тоқтамайды тек оқыту формасы өзгереді.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мамлют шипажай мектебіне қатысты көптеген сұрақтар түсті. Ия, шынымен де, мектепте 6 науқас бала болған. Бүгінгі күні барлық балалар сауығып, ауруханадан шығарылды. Мектеп карантинге жабық. Мұғалімдер вахталық әдіспен 14 күн жұмыс істейді. Оқу процесі тоқтаған жоқ. Кезекші сыныптардың жабылуына келетін болсақ қыркүйек айынан бастап оқу кезеңінде инфекцияның таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында 57 кезекші сынып қашықтан оқытуға ауыстырылды, оның 19-ы қараша айында көшті.

Облыста бір тәулікте 105 адам  ауруға шалдыққан. Оның ішінде 59 адамда ауру белгілері болды.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 100 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 5 азаматтан алынды. Облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия кезеңінен бастап, облыс бойынша КВИ-ға – 154821 зерттеу жүргізілді; оң нәтижелер пайызы-жалпы санның 3,5% құрайды яғни 5724. Өткен тәулікте  ПТР әдісімен 1199 зерттеу жүргізілді.

Облыста КВИ жұқтырғандардың жалпы саны 5724 жетті.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13:01, 18 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АДАМНЫҢ ИММУНИТЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ДӘРУМЕНДІ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
20:44, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АДАМНЫҢ ИММУНИТЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ДӘРУМЕНДІ Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...