ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАНДАЙ?

20:47, 16 қыркүйек 2021

Петропавлдыға № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінде осыдан 2 жыл бұрын инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Қазіргі таңда мұнда 8 бала білім алады. Олармен 8 педагог-ассистент жұмыс істейді. Бұл мамандардың міндетіне не кіреді? Майгүл Сейілбектің бейнематериалында. 

Мына инклюзияны қолдау кабинетінде 8 педагог- көмекші ерекше білімді қажет ететін 8 баламен жұмыс істейді. Мамандар оқушылармен бірге сабақта отырып, олардың психологиялық жағдайын қадағалайды. Мұнымен қоса, егер олар оқыту бағдарламасын түсінбей жатса, көмектеседі.

АНАСТАСИЯ БОГДАНОВА, ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІНІҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ:

- Егер де маман сабақ барысында баланың бойында шаршау, мұғалімнің айтып жатқан сөзіне немқұрайлық білдіргенін байқаса оны инклюзияны қолдау кабинетіне апарып жеке жұмыс істейді. Бұл жерде педагог-ассистенттер олармен ойнап, назарын басқа жаққа аударуға тырысады.

Кабинет 2 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ұстаздар жақсы нәтижеге де қол жеткізді. Мәселен, 3 балақай қазіргі таңда педагог-ассистенттің көмегіне мұқтаж емес. Олар өз бойында қарым-қатынас, сөйлеу секілді дағдыларды дамытып, қоршаған ортамен еш қиындықсыз қарым-қатынас жасай алады.

ӘЙГЕРІМ УӘЛИЕВА,  № 8 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕН ДИРЕКТОРЫ:

- Негізінен олардың білімі педагогикалық білім болуға міндетті. Олардың қатарында психологтар, дефектолог, бастауыш сыныптарының мұғалімдері баршылық. Олардың жалақысы білім деңгейіне, еңбек өтіліне байланысты анықталады. Жас мамандікі орта есеппен 70-80 мың теңге.

Шынар Даниярова бастауыш сынып мұғалімі. Жұмыс өтілі 3 жыл. Соның 2-інде маман дәл осы кабинетте педагог-ассистент болып еңбектенеді. Ұстаздың сөзінше бұл бағытты ол ерекше балаларға көмек көрсету үшін тандаған.

ШЫНАР ДАНИЯРОВА, ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ:

- Біріншіден біз оқушыны қарсы аламыз. Жалпы сыныпқа барамыз. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша оқытамыз. Сынып жетекшісін тындаймыз. Оны тындағанда Айсұлтанға көмектесемін. Тақтада не жазылғанын айтып, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға көшуге көмектесемін.

Бүгінгі күні облыста 4060 бала ерекше білім беріді қажет етеді. Соның 1152-інің мүмкіндігі шектеулі. Облыс орталығының 6 білім ордасында инклюзия кабинеті бар. Мұнда 90 оқушыға педагог-ассистен көмек көрсетеді.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...