ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ

17:22, 27 мамыр 2020

«Педагог мәртебесі» заңына сай мұғалімдерге артық жүк артып, олардың  құқықтарын бұзғаны үшін, лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері енді жауапқа тартылатын болады. Ұстаздар қауымының статусын көтеру мәселесін алдымен 2018 жылы Елбасы өз жолдауында айтқан болатын. Кейін «Педагог мәртебесі туралы» заң күшіне енді.  Ол мұғалімдерді қағаз бастылықтан босатып, білім ордаларының әкімшілігі талап ететін артық есеп беруден арылтты.  

«Педагог мәртебесі» заңы аясында  БҒМ бекіткен арнайы тізімге сай, мұғалімдер күніне тек екі құжат толтыруы қажет. Біріншісі, электронды күнделік болса, ал екіншісі сабақ жоспары. . Сондай-ақ оқу жылының басында күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дайындайды және әр тоқсан соңында критерийлік бағалау бойынша құжаттарды толтыруы қажет. Бұл педагогтің өзінің сабағы үшін қажет дүние. Қалған құжаттың еш қажеті жоқ. Осылардан басқа қосымша есеп сұрағандар әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Егер мұғалім сынып жетекшісі болса,  онда оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын жасайды, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама толтырады, оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады. Мектеп басшысы мен басшының орынбасарлары толтыратын маңызды құжаттардың да нақты тізімі белгіленді, артық құжаттың еш қажеті жоқ. Колледж педагогтері толтыратын құжаттар тізімі де бекітілді.

Және жақында  ұлттық білім беру деректер қоры жинақталды. Ол жерде барлық өзекті ақпараттарды табуға болады.  Яғни, баланың балабақшадан бастап, ЖОО дейінгі оқу үлгерімі, білім беру мекемелеріндегі толық мәліметтер базада қамтылған. Қосымша мағлұматтардың дұрыс әрі нақты болуы үшін аталмыш база 24/7 режимінде жаңартылып отырады. Қорға ашық модуль енгізілген. Яғни кез-келген адам білім ұйымы туралы ақпаратты қарауға мүмкіндігі бар.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Алдағы оқу жылында департамен бұзушылықтар тәуекелдерін бағалау дәрежесін анықтау және келесі жартыжылдыққа профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру үшін барлық қажетті ақпаратты Ұлттық бірыңғай деректер қорынан алатын боламыз.Сондықтан білім мекемелерінің басшылары осы деректер базасының дұрыс толтырылуына үлкен көңіл бөлу қажет.

Айта кетейік, өзге  өңірлерде әлі де педагогтерді мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына тартып, мерзімді басылымдарға жазылуды талап ету жағдайлары болған. Мұндай жәйт біздің өңірде тіркелмеген.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
17:23, 30 маусым 2020
КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ...
Толығырақ...
ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН 4 ТҮЛЕК ҰБТ-ға ҚАТЫСТЫРЫЛМАДЫ
17:23, 29 маусым 2020
ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН 4 ТҮЛЕК ҰБТ-ға ҚАТЫСТЫРЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...