ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ

20:50, 21 сәуір 2021

Биыл білім саласында сапаны қамтамасыз ету, педагогтардың құқықтарын қорғау мақсатында педагогтік әдеп мәселелері жөнінде консультативтік-кеңесші орган құрылды. Жаңа ұйым құрамына білім саласының ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, СҚО кәсіпкерлер палатасы мен білім мекемелерінің  11 өкілі бар. Қазіргі таңда аталмыш органның қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан осындай 20 шара өткізілген.

2021 жылдың бірінші тоқсанында Консультативтік кеңестің алғашқы отырысы өткен. Мұнда ұйымдастырушылық-құқықтық және ақпараттық талдау жұмыстарын тоқсанына бір рет және шағымдар болған жағдайда кезектен тыс отырыстарын өткізу қарастырылған. Департамент СҚО білім беру мекемелерінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын ұйымдастыруға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде өңіріміздің білім басқармасы, білім бөлімдері мамандарына семинарлар өткізіліп осы бағытта жұмысты одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- «Облыстың 559 білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер құрылды. 875 отырыс өткізілді. Кеңеске 42 өтініш келіп түсті. Өтініштердің көбі педагогикалық этиканың бұзылуына, әріптестер арасындағы, әкімшілік пен мұғалімдер арасындағы келіспеушіліктерге қатысты.  Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері тараптарды татуластыру, мұғалімдер арасында педагогикалық әдеп бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сағаттық жұмыс жүктемесі мен қызметтік міндеттерін қайта қарау тағы басқа ұсыныстар берілді. Мектептердің бірінде тәртіптік жаза ұсынылып мұғалімге педагогикалық этиканы бұзғаны үшін қатаң ескерту жасалды.»

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
20:40, 17 мамыр 2021
ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
13:01, 14 мамыр 2021
900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...